Энергетика

2011 жылдағы өңір энергетиктерінің жетістіктері

 

 

 

 
Жөндеу биргадасы жақында ғана орнатылған 6-шы қазандықтағы соңғы жұмыстарды жүргізіп жатыр. Бу өндіретін бұл құрылғы келер жылы ғана өз қызметіне кіріспек. Бұл қазандық – 2011 жылдың басты табыстарының бірі.

Виктор Бармин, №2 жылу-электр орталығының директоры:
-Бұған дейінгі қазандықтың қуаты 220 тонна болса, мынасы сағатына 270 тонна бу өндіріп шығарады. Есесіне қазандық қосылған уақытта орталық желіге қосымша 50 тонна бу жеткізіліп тұрмақ. Барлық тексеріс жұмыстары аяқталған соң қазандықты қаңтардың 15-інде іске қосу жоспарда бар.

Өтіп бара жатқан жыл кәсіпорын үшін аса табысты болды дейді Виктор Бармин. Орталық соңғы бірнеше жылдағы рекордтық көрсеткіш  – 2,5 млрд киловатт-сағат энергия шығарған. 12 айда инвестициялық бағдарламада қарастырылған 4 млрд теңгеден астам қаржы игеріліпті. Орталық директоры алдағы жылдың да берекелі болатынына сенімді. Келер жылға бағдарлама аясында 5 млрд теңгеге жуық қаражат жоспарланған. Осы уақытта орталық желіден ажыратылып, бұзылған 4-ші турбоагрегат келер жылы   жаңартылмақ. Энергия өндіруші құрылғының қуаттылығы ендігі кезекте 20-дан 60 мВаттқа дейін артады деп болжанып отыр. Экологиялық қауіпсіздік мәселелері де назардан тыс қалған емес.

Виктор Бармин, №2 жылу-электр орталығының директоры:
-Үстіміздегі жылы біз тағы 3 қазандыққа түтін тазартқыш эмульгаторлар орнаттық. Бұл қондырғылар түтінмен қатарлас шығатын қалдықтарды 99,7 пайызға дейін ұстап қалады. Енді қалғаны келер жылы тағы 2 эмульгаторды іске қосу. Бұған дейін орнатылғандары ауаға шығарылатын  зиянды қалдықтарды 6 есе азайтуға мүмкіндік берді. Яғни мұржаларымыздан шығатын түтін ағарып келеді.  

Алдағы жылдың еншісі салмақты. Ендеше кетіп бара жатқан жылды қошеметпен шығарып салып, жаңасын жақсылап қарсы алған жөн. Директор Барминнің өзі жаңа жылды жұмыс орнында 7 мәрте қарсы алған екен. Биыл үйде отбасыммен бірге болсам да, телефонымды өшірмей, түрлі жағдайларға дайын отырамын дейді. Барлығы желтоқсанның 31-інде түнгі ауысымда 80-ге тарта адам кезекшілік атқармақ. Борис Бубенчик соңғы жаңа жылдардың басым көпшілігін жұмыс басында өткізіп жүр. Биыл да мерекелік түнді қызмет орнында өткізеді. Өйткені жылыту орталығы   іркіліссіз  жұмыс істеуі қажет.

Борис Бубенчик, бас инженер:
-Әр тәуліктің өз жоспары бар. Жылу мен электр қуаты кестеге сәйкес беріліп тұруы тиіс. Ал апта ішінде демалыстар, қала берді мерекелік күндер болады. Бұл тәуліктерде де орталық толық қуатта жұмыс істеуі тиіс. Бұдан өзге жанама жөндеу шаралары жүргізіледі.
 
Борис Бубенчик тәуліктің тең жартысын жұмыс басында өткізіп жүрген адам. Кейде апта ішінде шешілмей қалған мәселерді сенбі күндері шешуге де тура келеді дейді. Өз мамандығының ауырлығына қарамастан, энергетик кәсібін ауыстыру жайлы тіпті ойланбаса керек. Биыл бұл салада жүргеніне 44-ші жыл. Виктор Бубенчиктің билігін тапсырып бара жатқан 2011 жылға айтар өкпесі жоқ. Есесіне, алғысы молынан.

Борис Бубенчик, бас инженер:
-Станцияның 50 жылдық мерейтойында «Нива» көлігін тарту етті. Бұндай ірі сыйлықты алғаш рет алып отырмын. Көлік қызметіме аса қажет. Еңбегімді елеусіз қалдырмады. Осыған ризамын.

Ендеше өңір тұрғындары Жаңа жыл түнін  алаңсыз өткізе алады. Жарық пен жылу әр пәтерге үздіксіз жетіп тұрады. Кәсіпорында    2 мың тонна мазут және көмірдің 22-24 тәулікке жететін қоры бар, 

Гүлмира Шоқтыбаева