Спорт

2011 жыл спортшылар үшін олжалы болды

 

 

 

Ағымдағы жылы өңірде балалар мен жасөспірімдерге арналған 26 спорт мектебі, 3 жоғары спорт шеберлігі, олимпиадаға дайындайтын орталық жұмыс істеді. «Есіл» волейбол, «Барс» баскетбол және «Қызылжар» футбол клубтары шеберліктерін шыңдау үстінде.
2011 жылды қорытындылаған Қазақстанның құрметті спорт шебері өткен жыл спортшылар үшін жемісті болғандығын айтты. Жергілікті спорт мекемелері 6 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 47 ҚР  спорт шеберін және 231 спорт шеберлеріне үміткерлерді дайындады. Облысымыздың құрметті азаматы мұндай жетістікті мақтан тұтып отыр.

Жамбыл Тасеменов, СҚО құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті спорт шебері:
-7 Азия ойындарында біздің спортшыларымыз 5 медаль әкелді: 1 алтын, 2 күміс, 2 қола. Алтынды Тоқпаев Аслан алды. Бұл жетістіктер, әрине, бізді қуантады.  

Айта кету керек, Жамбыл Тасеменов күреспен айналысып, талай белестерді бағындырған. Оның шәкірттері де түрлі деңгейдегі жарыстарда жеңіс шыңынан көрініп жүр. Қазақстанның құрметті спорт шебері облыста спорттың дамуына баса назар аударылатынын алға тартты.

  Жамбыл Тасеменов, СҚО құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті спорт шебері:
– Біздің спортшылардың жетстіктерін одан әрі өркендету үшін барлық жағдайлар жасалып отыр. Қала әкімі спортшыларға өзінің стипендиясын тағайындады. Жыл спортсмендерін шығарып, соларға үлкен марапат жасалды.  

Жамбыл Тасеменов осы жылы жетістіктерге қол жеткізген солтүстікқазақстандықтар келесі жылы да облысымыздың абыройын асқақтататынына сенімді.

Айдана Демесінова