Әр түрлі

Жаңа жылды қалай қарсы алу керек

 

 

Әдетте әйелдер  Жаңа жыл мерекесіне түрлі тағамдар жасап, дастарқанда бос орын қалдырмауға тырысып бағады. Мұның сыры — келер жыл молшылық жылы болсын деген ниетте.

  Сайран Хамзин,СҚО рестораторлар мен отельерлер қауымдастығы төрағасы:
Дәмді әзірлеген уақытта 2 қағиданы ұстанған дұрыс. Біріншісі – дәмдеуіш қоспаларды көбірек қолдану. Мәселен, дәмқабық, жанжабіл, бұрыш. Олар тағамға дәм келтіреді. Бұл ұлу жылына ұнауы тиіс

Кез-келген жылдың иесі болатыны мәлім. Жаңажылдық дастарқан сол жылдың иесі болып саналатын жануардың бітімі мен болмысына сай келуі маңызды. 2012 жылдың иесі — ұлу. Соған орай, судың басты жәндігі саналатын балық дастарқанда міндетті түрде болғаны жөн дейді аспаздар.  

  Сайран Хамзин,СҚО рестораторлар мен отельерлер қауымдастығы төрағасы:
Үстелде жаңа піскен тағамдар ғана болуы керек. Жартылай фабрикаттар мен консервілерді пайдаланбаңыз. Әсіресе, еттен жасалған тағамдар әзірлеген жөн. Оларды отқа сәл күйдіріп дайындау келесі жылдың иесінің көңілінен шығады деп ойлаймын.

Әрине, қазақ дастарқанын етсіз елестету мүмкін емес. Сондықтан ас мәзірінде бұл тағамның болатыны заңды. Фламбе еті дастарқанның көркін келтіреді. Атауы жұмбаққа толы бұл тағамның басты ингредиенті – ет. Оны дайындағанда құрамында спирті бар сұйықтықты құйып, сәл күйдірген дұрыс. Бұл оған ерекше дәм береді. Бастысы келе жатқан жылдың иесіне ұнайды.  Бұл мереке қалай өтсе де, ең бастысы жақындарыңа көтеріңкі көңіл күй сыйлап, отбасын біріктірудің, жақыныңа жылы тілек арнап, жақсы естелік қалдырудың тамаша мүмкіндігі.

Айдана Демесінова