Мәдениет

Сахнагерлер 2011 жылға риза

 

 

 С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театры – төл тәуелсіздігіміздің жемісі. Кеңес Одағы тұсында 30-шы жылдары жабылып қалған қызылжарлық өнер  шаңырағы  тәуелсіздік таңы атқан тұста қайта есігін ашты. Есігін ашып қана қоймай, 11 жылдың ішінде өз көрерменін тауып үлгерген .Былтыр өнер ошағы 10 жылдығын атап өтті. 7 актер баспанаға ие болды.   Биылғы жылдың еншісі өзіне бөлек дейді театр директоры Қуандық Қасымов. Үстіміздегі жылды Мемлекет басшысы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы деп жария етті. Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығына орай қазақ театры да өз тартуын жасаған.
Тәуелсіздік жылдарында облыс мәдениеті жоғары деңгейге көтеріле алды дейді өнер ошағының басшысы. Мұны театрдың бір өзінен-ақ байқауға болады. Жыл санап актерлердің қатары қалыңдап келеді. Осы күнге дейін киелі сахнаға 50-ден астам туынды шығарылған. Әртістер әсіресе ұлттық болмысымызды паш ететін Мағжанның «Батыр Баяны», Сәбиттің «Балуан шолағы», Ғабиттың «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу»  сияқты туындыларды сахналаған. Жергілікті актерлердің шеберлігіне еліміздің өзге қалаларының, тіпті шет елдердің көрермендері де баға бере алды. Мерейтойлы жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанған Қуандық Қасымов аз ғана уақыттың ішінде алған асуларымыз – Елбасының салиқалы саясатының арқасы деген ойда. Қазақстандықтардың ендігі міндеті – еліміздің алдағы дамуын қамтамасыз ету болмақ. Бұл орайда, қаңтардың 15-інде жерлестеріміз сайлауға бір адамдай қайтысқаны жөн  дейді ол.
Тәуелсіздік төсінде халқына қызмет етіп келетін өнер шаңырағының да, еліміз сияқты алға қойған мақсаттары молынан. Келер жылы театр сахнасына Ғ.Мүсіреповтың “Қызы Жібегі” шығады. Халықаралық әйелдер күнінде  театр ұжымы нәзік жандарды комедиямен қуантпақ.

Гүлмира Шоқтыбаева