ТКШ

Құрылысшылардың 2011 жылғы жетістіктері

 



 

Үкімет баспананы қолжетімді ету мақсатында 2011-2014 жылдарға арналған құрылыс дамыту бағдарламасын қабылдады. Тың бастаманың бір жемісі «Береке»  ауданында салынып жатқан 95 пәтерлі комуналдық  үй. Жоба құны 540 млн теңге. Мердігер “Основание” ЖШС биыл ғана мемлекеттік бағдарлама аясында осындай 6 үйді қолданысқа беріп үлгеріпті.

Сергей Тимофеев, “Основание” ЖШС директоры:
-Пархоменко көшесінің бойында үш бірдей ипотекалық үй тұрғыздық. Юбилейный ауданында да үш тұрғын үйді біз салдық. Үлескерлермен бірлесіп  тағы бір баспана тапсырылды.

Сондай-ақ серіктестік биыл 600 млн теңгеге мемлекет есебінен Тайынша ауданында 280 орынға шақталған “Болашақ” балабақшасын салуға атсалысты. Үш жерде ауыз су құбырларын  тартыпты. Бұның бәрі мемлекеттің қолдауымен атқарылған игі істер.

Сергей Тимофеев, “Основание” ЖШС директоры:
Біздің жұмысымыз үй салумен ғана шектелмейді. Сондай-ақ құрылыс материалдарын шығарамыз. Өз өнімімізді облысымызда тұрғызылып жатқан нысандарда пайдаланамыз. Біздің басты әріптесімізмемлекет. Тапсырыстардың 90 пайызы республикалық бағдарлама аясында жүзеге асып жатыр.  

Жалпы кәсіпорында 350 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сапар Мисиливтің құрылыс саласында жүргеніне 30 жыл болыпты. Соңғы 5 жылында “Основание” серіктестігінде еңбек етіп келеді.

  Сапар Мисилов, “Основание” ЖШС қызметкері:
Жалақыны уақытында аламыз. Жұмысым ұнайды. Мынадай әдемі үйлерді салып жатырмыз. Бұл меніңше Қазақстанның гүлденуін көрсетеді.  

5 қабатты тұрғын үйді құрылысшылар келесі жылдың күзіне дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

 Жеңіс Ермұқанов