Қоғам

Зейнетақы және жәрдемақы өседі

 

 

 

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап күнкөрістің төменгі шегі 17 439, ал айлық есептік көрсеткіш 1 618 теңгені құрамақ. Осыған байланысты мүгедектігі, асыраушысынан айырылу және жасы бойынша базалық мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің мөлшері көтерілмек. Әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалатын төлемдер де артатын болады.

Арай Нұғыманова, СҚО бойынша бақылау және әлеуметтіік қолдау департаментінің бөлім бастығы:
– Әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалып, 1 жасқа дейін төленетін жәрдемақының сомасы 1 қаңтардан бастап бірінші балаға  – 8899 тг, екінші балаға  – 10517 тг, үшінші балаға  – 134484, төртінші және одан да көп балаға 15282 теңге болмақ.  

Сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің мөлшері мен базалық зейнетақы төлемдері 9 пайызға өсетін болады.  

Арай Нұғыманова, СҚО бойынша бақылау және әлеуметтіік қолдау департаментінің бөлім бастығы:
-Зейнеткердің 2011 жылы алатын барлық әлеуметтік төлем мөлшері 25 600 теңге болса, оның ішінде 8 000  базалық зейнетақы мөлшері, 17 600 теңге зейнетақы төлемі. Ал 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық әлеуметтік төлемдердің сомасы 27 904 теңге болмақ.

Аталмыш сома дәрі-дәрмек пен өзге де керек-жарақ сатып алуға жұмсалмақ. Сондықтан зейнеткерлер бұл аз да болса, көмек дейді.

-Зейнетақының көтерілгені өте жақсы. Менің зейнетақым 70 мың теңге.
– Біз бұған ризамыз. Жақсы әрине.

Жалпы өңірімізде 90 мыңнан астам зейнеткер мен 45 мыңнан астам әлеуметтік жәрдемақы алатын тұрғын тіркелген.

Инеш Шоқақова