Қоғам

Қаңғыбас иттер мен мысықтар қауіпті

 

 

 

Қала тұрғындары соңғы кездері иесіз қаңғыбас иттердің көбейіп кеткеніне алаңдаулы. Қаңғырған үй жануарлары ауру таратуы да мүмкін. Сондықтан оларды аулауға арналған қалалық бағдарлама жұмыс істейді. Тұрғындар бірыңғай диспетчерлік 109 номеріне хабарласа алады.

Ыбырайым Күрпенов, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі бастығының орынбасары:
– Далада қаңғырып жүрген иттерді, мысықтарды ұстау үшін қала бюджетінен ақша бөлінеді. Сол жұмыстарды бүгінгі күні бізде қалалық ветеринарлық клиника деген бар. Оларды ұстау, жою сияқты  жұмыстарды солар ұйымдастырады.

Көпқабатты үйлердің маңы мен аулалардағы қоқыс жәшіктерін торуылдаған иттер жаяу жүргіншілерге қауіп тудырады. Көшеде жүрген бұралқы иттер адамдарды қауып, ауру жұқтыруы әбден мүмкін. Бүгінде қала бойынша 4000-нан аса ит пен мысықтың көзі жойылған.

Ыбырайым Күрпенов, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі бастығының орынбасары:
 – Биылғы жылға, 2011 жылға бюджеттен 10 миллионнан аса ақша бөлінді. Осы 10 миллионға жұмыстар істеліп жатыр. 2012 жылға 7 миллионнан аса ақша бөлінді, сол жұмыстар жалғастырылады.

Қалада иттер мен мысықтарды қамауда ұстайтын үшін арнайы орын жоқтың қасы. Ал мамандар бұл мәселені шешу біркүндік жұмыс емес екендігін алға тартады.