ТКШ

Тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасының 2011 жылғы қорытындысы


 

2011 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында көппәтерлі үйлерді қалпына келтіруге 395 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат бүгінгі күні толықтай іске жаратылды. Тұрғын үйлердің шатарлары жөнделіп, терезелері алмастырылды. Тозығы жеткен подъездер де қалпына келтірілді. Бірқатар үйлердің жылыту жүйелері жаңасына алмастырылды.

Антон Макаров, қала әкімінің орынбасары:
– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы біздің қалада сәтті бастау алды. Бүгінгі күні бағдарлама аясында 47 үй жөндеуден өтіп, 4 жақты келісімшарт жасалды.

2020 жылға дейін қаладағы көпқабатты үйлер қоры жаңаланып қалады дейді мамандар. Бұған мүмкіндік бар.

Қанат Баймұхамбетов, тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі:
– Тұрғындардың өздері де, жеке пәтер иелері кооперативтері де жөндеу жұмыстарына тікелей атсалысып отыр. Егер бір келіспеген жағдай болып жатса, мердігерлер мәселені шешуге тырысады.

Баспасөз мәслихатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында мүмкіндігі жоқ жандарға жеңілдік қарастырылғаны да сөз болды. Ағымдағы жылы 462 петропавлдық осындай әлеуметтік қолдауға ие болған.

Мереке Мұхамедияров, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы:
– Ағымдағы жылы тамыз айынан бастап аталған бағдарламаның артықшылығын қала бойынша 426 пәтер иесі пайдаланды. Олардың ішінде 426 пәтер иесінің ішінде 249-ы зейнеткер. Ол 58 пайыз және жұмыс істеуші 172 отбасы, 40 пайызын құрайды. Жұмыссыз отырғандар 5 кісі, 2 пайызын құрап отыр.

Петропавлдықтар тарапынан 2012 жылға көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуге қатысты 20 талап-тілек түскен.