Құқық қорғау органдары

Қаржы полициясы жылды қорытындылады

 

 

 

СҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті мемлекет қазынасын 7,4 млрд теңгемен толтырған. Бұл – үстіміздегі жылы қозғалып, үкімі шыққан қылмыстық істер бойынша өндірілген айыппұлдардың көлемі. Барлығы қаржы полицейлері құрықтаған қылмыскерлер 9 млрд 600 млн теңгеден асып жығылатын шығын келтірсе керек.

Нұрлан Жахин, СҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
– Үстіміздегі жылы 72 жемқорлық фактісі анықталды. экономикалық қызметте 361 қылмыс тіркелді. Сонымен қатар, қазір сотта экономикалық, сыбайластық қылмыстарға қатысты бірқатар істер қаралып жатыр.

Атап айтқанда, осы уақытта бір адамнан 8 мың АҚШ долларын бопсалаған түзету мекемесі бастығының және пара беруге азғырғаны үшін облыстық адвокаттар алқасы адвокатының үстерінен қозғалған қылмыстық істер бойынша сот отырыстары өтіп жатыр. Үстіміздегі жылдың басты табысы ретінде қаржы полицейлері – 600 млн теңге қаржы жымқырған қылмыстық топтың жазасын алуын қарастыруда.

Нұрлан Жахин, СҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
-Михеенкоға қатысты және 11 адамға қатысты үкім шығарылды. Олар түрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айрылды.  

Барлығы ағымдағы жылы департамент қызметкерлері 429 қылмыстық істі әшкерелеген. Оның 289-ы ауыр және аса ауыр қылмыстар қатарында.

Гүлмира Шоқтыбаева