Қайырымдылық

Көпбалалы отбасыларына арналған Жаңа жыл мерекесі

 

 

Жаңажылдық киімдерін киіп келген балдырғандарды орманшылар қарсы алды. Шыршаны айналып тұра қалған балақайлар әндетіп, билеп, түрлі ойындарға белсенді қатысты. Ал аяз ата мен ақшақар  келіп, шырша шамдарын жағуы бүлдіршіндерді зор қуанышқа бөледі. Жаңажылдық кешке ағайынды Волковтар да шақырылды. Олардың әрбірі өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерінің кейпінде келген. Олар көп балалы жанұяда тәрбиеленетіндіктен бұл шараға қатысу мүмкіндігіне ие болған. Жалпы Волковтар жанұясында 6 бала бар.

-Маған бұл мереке ұнайды. Өйткені онда аяз ата мен ақшақар болады. Барлығының көңіл-күйі жақсы. Ән айтып би билеп жүр
-Барлығыңызды жаңа жылмен құттықтаймын.

Жанат Сейпиев те ұлы Болатты мерекеге ертіп әкеліпті. Жалғызбасты әкелер мектебінің мүшесі мұндай шаралардың жиі ұйымдастырылып тұратынына разы.

Жанат Сейпиев, жалғызбасты әкелер мектебінің мүшесі:
-Балалар құқығын қорғау департаментінің осындай мереке ұйымдастырып отырғаны қуантады. Біздің балаларымыз үшін оның пайдасы зор. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді.

Мұндай шара 2-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Биыл республикалық «Асар» акциясы аясында өткізіліпті. Шағын мерекеге көпбалалы, бала асырап алған жанұялар клубының және жалғызбасты әкелер мектебі мүшелерінің балдырғандары келіпті.

Қорлан Жайсенбаева, СҚО балалар құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы:
-Бүгінгі іс-шараның мақсаты балалардың көңілін көтеру жән сыйлық беру. Осы шараны демеушілердің қолдауымен өткізіп жатырмыз.   «Харсиев», «Алхор» және «Диқаншы», «Золотые поля» деген кәсіпкерлердің демеушілігімен өткізіп жатырмыз.  

Қаңтардың 10-нан «Қамқор» акциясы басталады. Ол ақпанның 10-на дейін жалғасады. Бұл шара да қиын жағдайға тап болған балақайларға көмек көрсетуге бағытталмақ

 Айдана Демесінова