Қоғам

“Тәуелсіздіктің 20 жылы және сот билігі мәселелері”

 

 

 

Конституция мен заңдарды қалтқысыз орындау әрбір азаматтың міндеті. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына еліміздің бас құжаты – Ата заңымыз кепілдік береді. Бұл орайда әділдік сақшылары –  судьяларға артылған жүк ауыр.

Инесса Қуанова, СҚО сотының судьясы:
-Конституцияның 18- бабына сәйкес әр азамат өзінің ар-намысын қорғауға құқылы. 20- бапта сот өндірісіне қатысқан өзге тұлғалар мен БАҚ өкілдері ақпаратты еркін ала алады. Және заңға сәйкес таратуға құқылы. Біздің процестеріміз соттың мөлдірлігін көрсету үшін ашық өтеді.

Тәуелсіздік жылдары еліміздің құқық қорғау саласы заман ағымына сай қоғамды одан әрі ізгілендіру мақсатында бірқатар реформаларды бастан өткерді. Соңғы рет қылмыстық кодекстегі 699 баптың құрамына 38 толықтыру енгізілді. 214 тармақ бойынша қылмыстардың көбі әсерлерін жоғалтып, әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне ауыстырылды. 17 қылмыстық құрамда жаза төмендетілді.

Айгүл Молдыбаева, Петропавл қалалық сотының судьясы:
– Еліміздің Конституциясынан өзге заңдар тарайды. Біз егеменді 20 жылда көптеген табыстарға жеттік. Оның бәрі Ата заңымызда көрсетілген бағыт- бағдардан таймаудың арқасы. Егер де мықты құқықтық мемлекет құрғымыз келсе, ортақ заңдарды мүлтіксіз орындау қажет.  

Жиында сот өндірісінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясының тарлығы да сөз болды.

Қалжан Ермағамбетова,  №2 Петропавл қалалық сотының судьясы
-Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда алдыңғы жылдарға қарағанда азаматтар мемлекеттік тілде арыз бере бастады. Мысалы, 2009, 2010 жылдары тек мемлекеттік тілде 4  талап- арыз берілсе, биылғы жылы 10 талап- арыз берілген. Оның ішінде үшеуі бойынша шешім  шығарылды.  

Шағымданушы арызын қалаған тілде беруге құқылы.   Өзге сотқа қатысушылар сот өндірісі тілін білмеген жағдайда аудармашының көмегіне жүгінеді. Сондай-ақ дөңгелек үстелге қатысушылар қоршаған ортаны қорғау және сот процесіне халықаралық тәжірибені ендіру мәселелері бойынша тың ойларымен бөлісті.

Жеңіс Ермұқанов