Қоғам

Локомотив депосының мерейтойы


Зал Петропавл локоматив депосында ерен еңбек еткен жандарға лық толы. Олардың бір бөлігі ауырсалмақты, ұзынқұрамды пойыздарды жүргізсе, енді бірқатары жөндеу жұмыстарымен айналысады. Жиылған қауымды депоның 115 жылдығымен Челябі қаласынан келген Оңтүстік Орал теміржолы дирекциясы бастығының орынбасары Дмитрий Попов құттықтады

Дмитрий Попов, Оңтүстік Орал теміржолы дирекциясы бастығының орынбасары:
Сіздердің ұжымыңыз еңбегімен ерекшеленген қызметкерлермен және олардың ерліктерімен белгілі. Депо бірнеше рет салалық және жол сайыстарында жеңімпаз атанды. Сіздермен бірге жұмыс істегенімізді мақтан тұтамыз.

Виктор Маньковский Оңтүстік Орал темір жолы бастығының алғыс хатына ие болды. Ол 21 жыл Петропавл локомотив депосының жанар-жағар май базасында жұмыс істеген. Еңбегінің осындай жоғары бағаға ие болғанына дән риза

 Виктор Маньковский, Петропавл локомотив депосы жанар-жағармай базасының  дәнекерлеушісі:
Мен жөндеу жұмыстарымен айналысамын. Өзге қызметкерлердің де жұмысы осыған байланысты. Сондықтан да ақауларды дер кезінде жойып, жылдам жұмыс істеуге тырысамыз.

Кез-келген ауа райында , күні-түні көз ілмей темір тұлпар жүргізген Михаил Оларудың да еңбегі елеусіз қалмады. Ол бала кезінен пойыз машинисінің қызметіне қызыққан көрінеді. Сондықтан  әскери борышын өтеп келгеннен кейін 1990 жылы  электровоз машинисінің көмекшісі болып орналасыпты. Біраз уақыттан соң пойызды өзі де жүргізе бастаған

Михаил Олару, электровоз машинисі:
Ұқыпты жүргізуге тырыстым. Пойызым берілген жерге уақытылы жететін. Көлігім сынып көрген жоқ. Көп жылдық еңбегім өз жемісін беріп, осындай құрметке бөленгеніме қуаныштымын.

Мерейтойда Петропавл ловомотив депосының 80 қызметкері түрлі марапатқа ие болды. Жиын соңы мерекелік концертке ұласты

 Айдана Демесінова