Балалар

«Болашаққа бірге барамыз!» акциясы

 

 

Жаңаөзендегі оқиға ел тыныштығын ойлаған кімді болмасын бей-жай қалдырмағаны анық. Петропавлдағы құрылыс -экономика колледжінің студенттері мен оқытушылары да осы мәселеге орай өздерінің  көзқарастарын білдірді. Оқу ордасында өткен «Болашаққа бірге барамыз» деген акция бірлік пен ынтымақтастықты насихаттауға арналды.

Николай Ухов, Петропавл құрылыс және экономика колледжінің директоры:
– Бүгінгі үндеуді студенттердің өздері өткізгелі отыр. Біздің жастар өте ұйымшыл, сонымен қатар ынтымақшыл деп есептеймін. Жаңаөзендегі оқиғаны кейінгі толқын құптап отырған жоқ.
Олар болашақтарын тек бейбітшілікпен ғана байланыстырады.  

Тәуелсіз елдің жас ұрпағы жарқын болашаққа сеніммен қарайды. Колледж студенті Мейіржан Байжан мемлекеттің ертеңін бірігіп қалау керектігін айтады. Сол мақсатта ол жастарды жаман әрекеттерге бармауға шақырды.

Мейіржан Байжан, Петропавл құрылыс және экономика колледжінің студенті:
– Жаңаөзен қаласында болған жалпы тәртіпсіздіктің салдарынан Қазастанда жазықсыздан-жазықсыз қаншама адам азап шекті. Алдағы уақытта мұндай тәртіпсіздік болмасын деп тілеймін.

Егемен елемізде жастардың білім алып, еңбек етуіне барлық жағдай жасалған. Олар осы тірлігіміз тұғырлы болса екен дейді. Оған өз үлестерін қосуға дайын.