Католиктердің Рождество мерекесі

Қоғам

8:07 25 Желтоксан 2011

Рождество мерекесінің тарихы тереңде жатыр. Иса пайғамбардың нақты туған уақыты күні бүгінге дейін жылнамашылардың арасында дау-дамай туғызады. Бұл мейрам шамамен біздің заманымыздың 4-ғасырында пайда болған. Ал нақты желтоқсанның 25-інде Жеңілмес күннің мерекесі аталып өтілген. Шынтуайтында, жыл он екі айдағы ең ұзақ түннен кейін, күн көзі қайта өз күшін жинайды. Құдай баласы да нақ осы күні дүниеге келген деген пайым бар.

 Андже Михан,   Рим-католик шіркеуінің басшысы:

-Иса өзін әлемге нұр жеткізуші деп есептеген. Шынында да осы қысқа күні жер бетіне сәуле таралады. Еврейлердің өздері бұл мерекені күннің пайда болуы ретінде атап өткен.  

Шіркеуде құдай баласының өмірге келуін бейнелейтін бұрыш жабдықталған. Қасиетті кітапта оның кедей отбасында дүниеге келгені жазылған,  сондықтан бұл оқиғаға жануарлар да куә болса керек. Нәресте құрғақ шөпті жастанған-мыс деседі. Сондықтан, мереке күні әр ошақта бір уыс шөп болғаны абзал дейді шіркеу қызметкерлері. Рим-католик шіркеуінде де бұл түнде мерекелік қойылымдар жоспарланған. Кешкі 22 сағатта құдайға құлшылық ету басталады. Ал кейін әр отбасы мерекені өз шаңырағында атап өтеді. Рождестволық мәзірге 12  ас түрі кіргізіледі. Әсіресе балық, ұн мен көкнәрдан дайындалған дәм болуы тиіс. Мейрамның тағы бір ерекшелігі дастархан басында бір орын бос болуы тиіс.

Андже Михан,   Римско-католик шіркеуінің басшысы:

 – Бұл орын Иса пайғамбарға қалдырылады, немесе бізден жырақта жүрген, немесе арамыздан кеткен адамдарға арнап қойылады.

Сондай-ақ, түрлі ойыншықтармен безендірігнен шырша да Рождествоның басты белгісіне айналған. Ол жұмақтағы жеміске толы ағаштың белгісі іспеттес.
Ал  шіркеудің басты мақтанышы – қозғалмалы сахна.   Бұл жерде Иса мен оның отбасын ғана емес, еліміздегі түрлі ұлт өкілдері мен кәсіп иелерін көруге болады. Дәстүр бойынша Рождество желтоқсанның 24-інде түнгі аспанда алғашқы жұлдыз пайда болған уақыттан тойлана бастайды.

Гүлмира Шоқтыбаева

Бұдан әрі оқыңыз

“28 ілмек” еріктілер клубының игілікті ісі
Мемлекеттік қызметшілерді құттықтау бастау алды
Отбасы мәселелері бойынша жедел әрекет ету тобы құрылуда
Жерлеу рәсімінде жемқорлық бар ма?
Айналаға қоқыс тастамайық
Мамлютка қаласында спорт және ойын алаңқайы салынуда
“Nur Otan” партиясына 5 адам қабылданды
Тарихтан сыр шертетін құнды жәдігерлер
“Біргеміз” қоры 4-ші рет мұқтаж жандарға көмек көрсетті
Үлгі боларлық іс
Сауда орындарында санитарлық ережелер сақталмайды
Қалалық жағажайда абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр