Қоғам

Облыс орталығында жаңа мұз айдыны ашылды

 

 

 

Пестрое көлінің маңы қаланың көрікті орындарының бірі. Жазғы абаттандыру жұмыстарынан кейін мұнда “Солтүстік жұлдызы” саябағы, стела, спорт және балалар алаңы ашылған болатын. Қала әкімшілігінің қолдауымен іске қосылған жаңа мұз айдыны демалыс орындарының қатарын толықтырды.

Асылбек Тоқбаев, Петропавл қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы:
– Бұдан басқа қаламызда 30 мұз айдыны құйылды. Оның 24-і  мектептерде және  конькиді жалға беретін 6 орын ашылды. Енді осы мүмкіндікті пайдаланып, барлық қалалықтарды бос уақыттарын осы спорт орындарында дем алуға шақырамыз.

Бос уақыттарын тиімді өткізем деушілер үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Күндізгі сағат 15-тен түнгі 12-ге дейін жұмыс істейтін сырғанау базасында 2 контейнер мен 400 жұп коньки бар. Сәния Клиншина соңғы екі жылдан бері конькиге әуес. Сүйікті спорт түрімен айналысу үшін бұрын алысқа қатынау қиындық туғызса керек. Енді қолы қалт еткен уақытта осында жиі келетін боламын дейді ол.

Сәния Клиншина:
-Біздің ауданда жаңа сырғанақтың ашылғаны жақсы болды. Мен осы маңға жақын тұрамын, енді мұнда күнде келуіме болады. Бұған дейін мен коньки тебу үшін «Қарасай» стадионына баратынмын.

Мектеп оқушылары мен студенттерге бағасы қол жетімді болу үшін жеңілдіктер де бар. Ал ойынның қызығына берілген балалар жақын маңнан ашылған мұз айдынына ерекше қуанышты.

– Мен осы каток ашылғанына өте қуаныштымын. Бұл өте жақсы каток. Балаларға да жақын болады ДСР-да тұратын.
– Қаламызда тағы бір жаңа сырғанақ орнының ашылғаны жақсы болды. Мұнда бәрі жақсы және өте әдемі
.