Денсаулық сақтау

Әзірге тұмауратқандар жоқ

 

 

Қыс мезгілінде түрлі аурулар да жиілей түседі. Әсіресе, өткір респираторлық вирусты инфекцияның жайылу қаупі жоғары. Соңғы аптада оған 1608 солтүстікқазақстандық шалдығыпты. Оның 80 пайызы қала тұрғындары. Әзірге тұмау жұқтырғандар тіркелмеген.

 Юрий Пузиков, санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау комитетінің СҚО бойынша департаменті бастығының орынбасары:

-Эпидемиологиялық маусымға дейін бірқатар шаралар жүргізілген болатын. Облыстық бюджеттен бөлінген 41 млн теңге қаражатқа вакцинаның 60 мың дозасы сатып алынып, тұрғындарға егілді. 1 желтоқсаннан бастап өңіріміздің әр ауданы бізге эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жібереді.  

Бір айта кетерлігі, вирустық инфекцияға шалдыққандардың басым бөлігі балалар. Қалалық балалар емханасының № 6 учаскесі 1200 бүлдіршінді қабылдайды. Оның 85-і жасқа толмағандар. Учаскелік дәрігер Лидия Гром эпидемиялық маусым басталғаннан бері қабылдауға келетін бүлдіршіндердің саны артты дейді.

Лидия Гром, қалалық балалар емханасының учаскелік дәрігері:
Бұрын біз күніне 15-20 бүлдіршінді қабылдасақ., қазір олардың саны 35-40-қа жетіп отыр. Негізінен өткір респираторлық вирус  жұқтырғандар. Ал тұмаумен тіркелгендер жоқ.  

Ағзаны әлсіретуші аурудан сақтанудың ең тиімді жолы оған қарсы егу болып табылады. Сондай-ақ мамандардың айтуынша, жылы киініп, түрлі дәрумендерге бай ас мәзірін қалыптастырған абзал.

Инеш Шоқақова