ТЖ

Өрт сөндірілмеген темекіден шыққан

Қайғылы оқиға Украин көшесіндегі 5 қабатты үйдің 79-шы пәтерінде орын алыпты. Есіктен шыққан түтінді байқаған зейнеткердің көршілері бірден дабыл қаққан. Олар орталық өрт сөндіру байланысы және апаттық құтқару қызметінің пунктіне хабарласыпты.

Виталий Коральчук, үй тұрғыны:
– Өрт шыққан сәтте үйде әйелім мен балам ғана болған еді. Әйелім бірден өрт сөндірушілерге хабарласты. Олар 3,4 және 5-ші қабаттың тұрғындарын қауіпсіз жерге шығарып, тілсіз жауды ауыздықтады.

1 бөлмелі пәтерде үй иесі жалғыз тұрған екен. 61 жастағы зейнеткердің темекіге әуестігі болған көрінеді. Көршілері оқыс оқиғаның  басты себебі де осы деп отыр.

  Асия Кубаткина, «Транзит» ПИК төрайымы:
– Ол науқас адам болатын. Бірақ темекі шегетін еді. Шылымды сөндірмей ұйықтап

қалған деп ойлаймын. Біз мұндай жағдайды күтпеген едік.

Абырой болғанда, өзге тұрғындар зардап шекпеген. Жедел түрде жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынның өзге пәтерлерді шарпуына жол бермепті.

Аслан Ахметжанов, Петропавл қалалық төтенше жағдайлар басқармасының инженері:
Өрт негізінен үй иесінің жататын төсегінің маңын шарпыды. Жоғары температураның әсерінен пәтердегі тез жанғыш заттар балқыған. Алдын ала болжам бойынша өрттің  шығуына үй иесінің спирттік ішімдік ішіп, темекіні сөндірмеуі себеп болып отыр.

Бұл жыл басынан адам өмірін қиған 57-ші өрт оқиғасы. Жалпы облыс бойынша 713  рет өрт шыққан, оның 589-ы тұрғын үй секторында.

 Инеш Шоқақова