Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Нұр Отанның” сайлауалды үгіт науқаны



 

 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі күні ел көлемінде Мәжіліс депутаттығына сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталып кетті. «Нұр Отан» партиясының республикалық штабы ауқымды шараға дайын екендігін жеткізіп отыр. Сондықтан үгіт жұмыстарына алғашқылардың қатарында кіріскен. Өз сапарларында нұротандықтар «Тайынша Астық» серіктестігіне соқты. Бұл бекер емес. Агроөнеркәсіп саласы мен ауыл шаруашылығын дамыту – партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарының бірі.

Нұрлан Ныгматулин,  “Нұр Отан” ХДП төрағасының бірінші орынбасары,республикалық қоғамдық штаб жетекшісі:
-“Нұр Отан” партиясының алғашқы үгіт-насихат күнін біз астықты өлкелерден бастауды жөн деп таптық. Бұл әрине Солтүстік Қазақстан облысы. Ас атасы нан дейді. Сүт пен басқа да ауыл шаруашылық өнімдер экономиканың негізі ғана болып қойма, әр отбасының басты  қажеттілігі екені даусыз.

Партияның сайлауалды бағдарламасы – Қазақстанның алдағы 5 жылдық дамуын қарастырады. Құжатта негізгі мәселелер мен оларды шешу жолдары түпкілікті, кезең-кезеңімен көрініс тапқан. Партия өкілдері қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруды басым бағыт ретінде қарастыруда.

Анатолий Башмаков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

-Меніңше сайлауалды үгіт жұмыстарының осы ұжымнан басталғаны орынды. Өйткені қаңтардың 15-нде барша солтүстікқазақстандықтарды сайлауға шақыратын үндеу ауыл еңбеккерлерінің арасынан тасталуы тиіс.

Ауыл тұрғындарының «Нұр Отан» партиясының бағдарламасына деген қызығушылықтары молынан. Өйткені  партия өкілдері заң шығарушы билікке өтер болса, бұл жоспарлар іс жүзінде көрініс табуы тиіс. Жиынға келген “Тайынша-Астық” кәсіпорынының бригадирі Қабдылкәкім Наурызбаев бағдарламаның болашаққа сенім ұялатар тұстары молынан дейді.

Қабдылкәкім Наурызбаев , «Тайынша-Астык» ЖШС бригадирі:
– Партия агроөнеркәсіп кешенін дамытуда жаңа технологияларды пайдалануды көздеп отыр. Бұл еліміздегі мал шаруашылығын жаңа сатыға көтеруге мүмкіндік береді. Біздің сүт кешенін заман талабына сай дамытуға да жағдай жасалады деген сөз.
Бүгіннің өзінде бұл ауқымды істің басталғанын сезіп, көріп жүрміз.

Кәсіпорын жұмысшысы сайлау күні дауыс беру учаскесіне барып, өз таңдауын жасау әр адамның борышы деп біледі. Және өз таңдауын жасап та қойған. Билік басына кемінде алдағы 10 жылға бағдар жасаған, мықты тұғырнамасы бар және халықтың қолдауына ие саяси ұйым келуі тиіс деп есептейді ол.  

 
Гүлмира Шоқтыбаева