Мәдениет

Патриоттық әндер концерті

 

Қаламыздың өнерлі жастары сахнаны әуелеген әнге бөледі. Кеш барысында патриоттық туындылар,  халық әндері шырқалды.

Алма Банных,  қалалық мәдениет үйі балалар бөлімінің сектор меңгерушісі:
Бүгінгі мерекелік бағдарламамыз ел тәуелсіздігінің 20-жылдығына орайластырылды. Оған «Арт Думан», «Рахат», «Толғау» сынды танымал топтар келіп отыр. Тыңдаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлап, осы сынды шараларды өткізіп отыру  игі дәстүрге  айналдырылмақ.

Концертте өз әндерімен көрермен жүрегіне жол тапқан топтың бірі «Искра». Нұрбек Темірбеков пен Әсем Садуақасова М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж атынан қатысып, жиылғандарға мерекелік көңіл күй сыйлады.  

Тәуелсіздік мерекесіне орай осы әнді орындау мүмкіндігі туғанына өте қуаныштымын.
Патриоттық әндердің жастарға берері мол. Біздің әндер халықты бірлікке, ұйымшылдыққа шақыруды көздейді. 

  
 Жандос Наурызбаев