Бизнес және экономика

Отандық нарық тұрақты даму үстінде

 

 

 

«Тайга»  базарының азық-түлік бөлімінде “Нұр Отанның” республикалық сайлауалды штабының өкілдері сауда сөрелеріне шығарылған тауар түрлерімен танысып, бағаларын сұрап білді.

Нұрлан Нығматулин, “Нұр Отан” ХДП төрағасының бірінші орынбасары,республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі:
-90-шы  жылдары елімізде қандай қиын жағдай болды. Дүкендердегі ұзын-сонар кезек естеріңізде шығар. Ал дүкендерде ештене дерлік болмайтын. Барлығы – нан, сүт, сіріңкеге дейін талон бойынша сатылатын. Ал қазір не керектің барлығы да бар. Дүкендерде азық-түлік, киім-кешек бәрі де толып тұр. Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде бүгінгі күнгі жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. 

Тәуелсіздік жылдары отандық нарық дамып нығайды. Енді бүгінде нарықты барынша кеңейту мақсатын қойып отырмыз. Өйткені қазірде елімізде 250 млн. теңгенің өнімі өндіріледі. Ал ішкі сұраныс 16 млн. теңгені ғана құрайды. Сондықтан бұл алда тұрған үлкен міндеттердің бірі. Осы және өзге де маңызды мақсат-міндеттерді билік партиясы жүзеге асыруды көздеп отыр. Осылайша әрбір қазақстандықтың гүлденген елде лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету – «Нұр Отанның» сайлауалды тұғырнамасының басты мақсаты. Ал еліміздің алған бағытынан таймай, әрі қарай өркендеп дамуы үшін қаңтардың он бесі ел азаматтары дұрыс таңдау жасаулары қажет.

Ескендір Елеусізов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
-Еліміздің Президенті бастаған “Нұр Отан” партиясы көшбасшы боп келе жатыр. Экономика, саясат, халықаралық қарым-қатынас, халықтар бірлігі мен татулығы  – барлығы да “Нұр Отанның” бағдарламасында бар. 15 қаңтарда өтетін сайлауға біздің халық бір кісідей келеді деп сенемін. 
 

Айымгүл Әбілева