Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшыларына құрмет көрсетілді

 

 Темірдей тәртіп – тыныштық тірегі. Бұл орайда полиция қызметкерлеріне жүктелер міндет зор. Тәртіп сақшыларының қиын да қызықты жұмысын абыроймен атқара білу үлкен жауапкершілік. Өңір полицейлерін ұлық мерекемен облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов құттықтады.

Фархад Қуанғанов, СҚО әкімінің орынбасары:

-Ел тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырған тәртіп сақшыларының еңбегі өте зор. Сондықтан  осы жиында облыс әкімі Серік Сұлтанғазыұлы Біләловтың  атынан Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесімен құттықтаймын.

Қоғам тыныштығын қамтамасыз ететін сақшылардың 24-і «ҚР Тәуелсізігіне – 20жыл» мерейтойлық медальдармен марапатталды. Салтанатты шарада ҚР ІІМ «Мінсіз қызметі үшін» медальдары өз иелерін тапты. 1984 жылдан аталмыш қызметте жүрген полиция полковнигі Балтабай Ғалиақпаровтың да еңбегі еленді.

Балтабай Ғалиақпаров, СҚО ІІД мемлекеттік күзет қызметінің бастығы:

-Барлық ІІД органдарының қызметкерлерін елеулі мерекемен құттықтап, әріптестеріме, халқыма тек қана жақсылық тілеймін.

Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау –   мазасыз қызмет.  Қарбаласы мол қызметте рухы мықты, өз мойнына жауапкершілікті қорықпай алатын адамдардың арасында нәзік жандар да бар.

Әлия Исмағұлова, СҚО ІІД штабының аға инспекторы:

-2004 жылдан бері СҚО ІІД штабында қызмет етіп келемін. Өзімнің қалап алған мамандығым болғандықтан, жұмысым маған ұнайды.Еңбегім еленіп, алғыс хатқан ие болып жатқаныма ризашылығымды білдіремін.

Жалпы, бүгінгі салтанатты жиында өз қызметінде белсенділік танытқан 100-ден астам тәртіп сақшысына медальдар мен грамоталар, алғыс хаттар табыс етілді.

Жандос Наурызбаев