Қоғам

Табиғат сақшылары марапатталды

 

 

 

Әлемге егемендігімізді паш еткелі 20 жыл өтті. Қазақстан осы аз ғана уақыт аралығында іргесі берік, еңсесі биік ел болып қалыптасты. Жас мемлекеттің биік белестерді бағындыруына үлес қосқан азаматтардың еңбегі бүгінгі таңда жоғары бағаға ие. Облыс әкімінің орынбасары Болат Жұмабеков табиғат сақшыларын келе жатқан мейраммен құттықтады.
Жас мемлекетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан 8 табиғат қорғаушысы “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне -20 жыл” мерейтойлық медаліне ие болды. Солардың бірі 6 жыл осы салада ебектенген Жамбыл Базарбаевқа бұйырды.

 Жамбыл Базарбаев, Преснов мемлекеттік орман мекемесінің директоры, Жамбыл ауданы:
-Біз бүгін үлкен қуаныштамыз, еңбегімізді бағалап, осындай медаль беріп жатқанына. Биылғы жылы бізге қаржы бөлініп, 80 млн біраз үлкен техникаларды алды. Соның арқасында бүгін жағдайымыз дұрысталып, біздің қарамағымыздағы жұмысшылар уақытылы еңбек ақысын алып, жағдайымыз дұрысталып, барлығымыз ризашылығымызды айтқымыз келеді.

Облыс әкімінің құрмет грамотасы да өз иесін тапты. Бұл марапатқа көпжылдық еңбегі мен мемлекеттік орман қорын сақтауға қомақты үлес қосқан Булаев мемлекеттік орман мекемесінің директоры Мереке Құрманғалиев лайық деп танылды.

Мереке Құрманғалиев, Булаев мемлекеттік орман мекемесінің директоры, М.Жұмабаев ауданы:
-Еліміз егемендігінің 20 жылдығында осындай мерейтоймен құттықтаймын. Және алдағы уақытта алдымызға қойылған міндеттердің барлығын абыроймен орындаймын деп сөз беремін.

Сондай-ақ бірқатар табиғат қорғаушыларына облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді

Айдана Демесінова