Салық басқармасы

Салық департаменті ескертеді


 

СҚО бойынша салық департаменті салық төлеушілердің назарына өткен салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі аванстық төлемдер сомаларының қосымша есебін ұсыну мерзімі 20 желтоқсанда аяқталатынын ескертеді. Осыған байланысты  түсіндіру шаралары қолға алынды.

Жаңыл Қабдөшева, СҚО салық департаменті бөлімінің бас маманы:

-2011 жыл ішінде бюджетке енгізілген аванстық төлемдер сомасы 2011 жыл үшін КТС декларацияның корпоративтік табыс салығын төлеу есебіне ескеріледі. Осы орайда, салық кезеңі ішінде есептеліп шығарылған аванстық төлемдер сомасынан 2011 жыл үшін нақты есептеліп шығарылған корпоративтік табыс салығы сомасының асып кеткені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

2011 жылғы қарашаның тоғызындағы ҚР Заңымен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекске  өзгертулер енгізілген.   

Жаңыл Қабдөшева, СҚО салық департаментінің бөлім бас маманы:

-Аталған баптың 4 тармағына сәйкес салық кезеңі үшін іс жүзінде есептелген корпорациялық табыс салығы сомасынан асып түсуі қарастырылған, егер бұл  ретте  қылмыстық әрекет белгілері болмаса, 20 пайыздан астам мөлшерде іс жүзіндегі салықтың асып түсу сомасынан 40 пайыз мөлшерде айыппұл есептелетін болады.

Фискалды орган қызметкерлері азаматтар өз міндеттерін уақтылы орындап тұрса, айыппұлдан аман болады дейді.
  

Жандос Наурызбаев