Қоғам

Қызылжарлықтар марапатталды


 

 
Егеменді еліміздің әнұранын әркім айырықша сезіммен орындайды. Өзгеше болуы да мүмкін емес. Өйткені ту, елтаңба, әнұран – тәуелсіз еліміздің айнымас нышандары. Жиырма жыл ішінде қол жеткізген табыстарымызды саралау үшін қызылжарлықтар ұлық мереке қарсаңында бас қосты. Тәуелсіздік күні қазақ елі үшін ерекше қымбат. Еркіндіктің ақ таңын күткен халқымызға бұл жеңіс оңай келген жоқ. Бұл барша ел азаматтарының ортақ жетістігі. Қызылжар ауданының тұрғындары да мемлекетімізді дамытуға өз үлестерін қосты. Осы жылдар ішінде ел игілігі үшін аянбай еңбек еткен бір топ азаматқа салтанатты жиында аудант әкімі мерейтойлық медаль табыс етті.

Нина Бодрова, “Бодрова” жеке кәсіпкерлігінің директоры :
-Бүгін осындай марапатқа ие болғаныма қуаныштымын. Осы күні елімізде кәсіпкерлікті дамытуға үлкен көңіл бөлініп келеді. Мемлекет тарапынан бізге үлкен қолдау жасалуда. Алдағы уақытта да елімізді дамытуға күш салатын боламыз.

Бірқатар тұрғындар облыс әкімінің құрмет грамотасына ие болды. Жиында сондай-ақ көпбалалы анаға күміс алқа тапсырылды. Ал төрт азаматқа “Қызылжар ауданының құрметті азаматы” атағы берілді.

Жұмаш Қуандықов, еңбек ардагері,Қызылжар ауданының құрметті азаматы:
-Енді 20 жылда өз қолымызбен жасаған игілікті істерді жалғастыру міндеті тұр алдымызда. Мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолында жаңа биіктерді бағындыруға әзірміз.

Айымгүл Әбілева