Мәдениет

“Тіл – достық арқауы”

 

 

 

Бүгінгі күні көпұлтты елімізде татулық пен келісім орнаған. Әр ұлт өкілінің салт-дәстүрі, мәдениеті мен ана тілін сақтауына ерекше көңіл бөлінуде. Қазақтың төл мәдениетіне қызығушылық танытып, мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері де аз емес.

Сабина Абдуллаева,  әзірбайжан ұлттық-мәдени бірлестігінің өкілі:
– Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Ал қазақ тілі- мемлекетік тіл. Сондықтан әрбір қазақстандық азамат қазақ тілін біліп, құрметтеуі керек деп ойлаймын.

Расында да, қазақ тілін, әсіресе, жастардың білуі қажет. Өйткені еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың қолында. Аталмыш шара да өнерлі, дарынды жастарға қолдау болмақ.

Әсем Сүлейменова, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы:
– Бұл шараның мақсаты- халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту, өнерлі және талантты жастарға қолдау көрсету. Ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері мемлекеттік және өз ана тілдерінде сөйлеп, өз өнерлерін ортаға салмақ.

Тәуелсіздіктің арқасында мемлекеттік тіліміздің мәртебесі асқақтап, түрлі ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеруге деген ынтасы артты. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын таппақ.

Инеш Шоқақова