Мәдениет

Қазақ сазды-драма театрында – премьера

Осыдан 25 жыл бұрын еркіндік пен елдікті аңсаған қазақтың өршіл ұлдары мен қыздары тәуелсіздік үшін   ашық күреске шыққан. Бүгінгі спектакль сол оқиғаны жергілікті көрермендердің есіне қайта салды. Ал туындыны сахналау идеясы театрдың қоюшы режиссері Батырбек Шамбетовтікі екен.  

Батырбек Шамбетов, қоюшы-режиссер:
– Қай елде болмасын бұл адам құқығы, ол азаттық, ол тәуелсіздікті аңсаған оқиғаның бірі болды. Мұны қойған себебіміз неден, бұл тәуелсіздікті аңсаған алғашқы қарлығаштар емес пе бұлар. Тағы да бір рет тәуелсіздікті аңсаған жастардың ақ екенін, хақ екенін дәлелдегіміз келді осы спектакльде. Сол мақсатта осы спектакльді қойдық.

Дулат Ташкен спектакльде басты рөлдің бірі Спандиярдың кейпіне енді. Бүгін оған 1986 жылы көтерілген жастарды аяусыз жазалаған тергеу қызметкерінің жағымсыз бейнесін сомдау жүктелген. Өнер колледжінің «актер шеберлігі» сыныбында оқитын жас маманға бұған дейін де басқа рольдер сеніп тапсырылған. Ел тәуелсіздігі жолында құрбан болғандарды әрқашан есте сақтау бәрімізге жүктелген парыз дейді ол.

Дулат Ташкен, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актері:
– Бұл енді желтоқсан оқиғасы ғой, сол кезде талай боздақтарымыз кетті. Қазіргі жастарға, кейбіреуі білмейді тәуелсіздігіміз қалай келгенін. Соларға түсінсін, осындай жағдай болды деп соған насихаттаймыз. Әр рольдің өзіндік   қиындығы болады. Ол әркімге оңайлықпен келе бермейді. Оған біраз еңбек керек.

Ал актерлер өз рольдерін ойдағыдай алып шықты. Залда отырған көрерменнің алған әсері сондай, тіпті көздеріне жас алғандар болды.

– Бұл спектакль менің өзіме қатты ұнады.  Бұл енді желтоқсан оқиғасымен байланысты тығыз, қазіргі жастарға көптеген ой салады деген сенімдемін.
-Жақсы болды, жақсы көріністер. Бізге сондай ұнады. Жастарға осындай оқиғалар үлгі болады деп ойлаймын
.

Тәуелсіздікке арналған тағы бір премьера “Елім-ай” деген атпен сахналанбақ. Жазушы Сәкен Жүнісов шығармасының желісі бойынша дайындалған спектакльді тамашалаймын деген өнер сүйер қауым үшін театр есігі  айқара ашық.