20 игі іс

“20 игі іс” акциясы жалғасуда

 

«Айгөлек» балабақшасының бүлдіршіндері үшін қуанышты күн. Олар «БЭСТ» гимназиясының оқушыларын қарсы алып, шағын концерт ұйымдастырды. Мерекеге қонақтар да құр қол келмепті. «20 игі іс» акциясы аясында оқушылар балабақша тәрбиеленушілеріне қызықты кітаптар сыйлады.

 

 

-Бізге кітаптар сыйлады. Өте қуаныштымыз. Енді кітаптарымыз көп болады.
– Біз бірлесіп сурет салып, қонақтарға сыйладық. Оларға ұнады деп ойлаймын.

Бұл «20 игі іс» акциясы аясында балабақшада ұйымдастырылған алағшқы шара емес.

Айгүл Сақыпкереева,  «Айгөлек» балабақшасының директоры:
– Бүгін балабақшамызда «20 игі іс» акциясының қорытынды кеші ұйымдастырылды десе де болады.
Осы шара барысында балалардың ата-аналары да бірқатар игі іс жасады.  

Дәл осындай мейірімділік шарасы №21 орта мектепте де ұйымдастырылды. Мектеп ұжымы әлеуметтік аз қамтылған жанұялардың бүлдіршіндеріне жылы киімдер сыйлады.

Наиль Салимов, № 21 орта мектеп директоры:
– Біз оқушыларға әрдайым көмек көрсетеміз. Киім, кеңсе тауарлары сынды қажетті құралдармен қамтамасыз етеміз. 30-дан астам оқушымызға жаз уақытында лагерьлерге жолдама бердік. Игі істерімізді әлі де жалғастырмақпыз.

Бұл мектепте Алла Мұсабаеваның 2 немересі оқиды екен. Мұғалімдер тарапынан оқушыларға қолдау көрсетіліп, осындай акциялардың жиі ұйымдастырылуы қуантады дейді ол.

Алла Мұсабаева:
– Мен өте қуаныштымын. Мектеп ұжымы әрдайым немерелерімді назардан тыс қалдырмайды.

«20 игі іс» акциясы халықтың бір-біріне шапағат пен мейірім сыйлауына жол ашқаны анық.

Инеш Шоқақова