Қоғам

Отан күні

 

 

 

Қазақ елінің егемендігін ұлықтауға арналған салтанатты жиын дәрігер, мәдениет қайраткері, ұстаз, кәсіпкер, үкіметтік емес үйым өкілдері мен тілшілердің басын қосты. Әрбірі өз саласының білікті маманы атанып, 20 жасаған тәуелсіз елдің дамуына сүбелі үлес қосты. Табанды еңбегімен танылған үшінші сектордың өкілдері мен табысты кәсіпкерлер, ел ертеңі үшін өткір тақырыптарға тайынбай еркін көсіле қалам тербеп жүрген тілшілер мен өнер иелері лайықты құрметке бөленді.  Салтанатты жиында “Білім беру саласының құрметті қызметкері” және “ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі” кеуде белгілері де өз иелерін тапты. Облысымыздың ақ халатты абзал жандарына денсаулық сақтау министірлігінің марапаты табысталды. Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық даму жолында ұзақ жылғы еңбегімен танылғандар облыс әкімінің құрмет грамоталарына ие болды.

Жеңіс Ермұқанов