Қоғам

Облыс орталығы жұртшылығының салтанатты жиыны

Егемендікті ұлықтауға арналған салтанатты жиын облыс орталығы белсенділерінің басын қосты. Дәрігер, ұстаз, тәртіп сақшысы әрбірі өз саласының білікті мамандары. Олар ортақ үйіміздің гүлденуіне сүбелі үлес қосқан абзал жандар. Қала басшысы Нұржан Әшімбетов   антына адал, сертіне берік болып Отанының жетістіктерін еселеуге еңбек етіп жатқан 27 жерлесімізге “ҚР тәуелсіздігіне – 20 жыл” мерейтойлық медальдарын табыс етті. Кеудесіне мерекелік төс белгі тағынғандардың қатарында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Мереке Мұхамедияров та бар. Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық шараларға белсене араласып жүргендері облыс әкімінің құрмет грамоталары, алғыс хаттарымен марапатталды. Ерен еңбектері еліп, лайықты бағаланған бірқатар петропавлдық қала әкімінің құрметіне бөленді. Ағарту ісінің озаты, жоғары санаттағы ұстаз Әлімжән Мәжитов білім саласына 40 жылын арнапты. Сондай-ақ жиында мемлекеттік қызметке енді қабылданғандар ант қабылдады. Салтанатты шара облыс орталығының өнер ұжымдары ұйымдастырған мерекелік ән-шашуға ұласты.


 Жеңіс Ермұқанов