Мәдениет

Мемлекеттік тіл күні

Өзге ұлт өкілдерінің арасында «Тіл – ел бірлігі» байқауы ұйымдастырылды. Қатысушылар осы сайыс арқылы қазақ тілін қаншалықты деңгейде меңгергендіктерін тексермек.

Әсем Сүлейменова, СҚО тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы:

 

-Ашық есік күнінде қарапайым тұрғындар, тыңдаушылар болмасын, не болмаса басқа тілдерді,ағылшын, орыс тілін меңгеремін деген азаматқа орналықтың жұмысын таныстыру басты мақсатымыз.

Нина Пасечник қазақ тілін бірінші сыныптан меңгеріп жүр. Жыл санап сөздік қоры да молайып келеді. Тәжірибесін шыңдау үшін сайыстарға үзбей қатысып тұрады.

Нина Пасечник, «Дарын» мектеп – лицейінің ағылшын пәнінің мұғалімі:

-Менің ойымша ҚР әрбір азаматы мемлекеттік тілді білуі керек. Ғ.Мұстафин айтқандай ана тілін білмеген бір қолы жоқ шолақ адамға тең. Мен қазақ тілін сүйемін.

Мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген сайыс қатысушыларының бірі – Григорий Тыш. Облыстық жол полициясының аға инспекторы Григорий қазақ тілі мен үшін бірінші орында тұрады, дейді.

Григорий Тыш, СҚО ЖПБ мемлекеттік аға инспекторы:

-Бізде барлығы қазақ тілін жаттап жатыр. Мен де жұмысымда мемлекеттік тілді дамытудамын.

Байқауда қатысушылар негізгі үш кезеңде сайысқа түседі. Оларға 100 – 120 сөзден тұратын диктант жазу, патриоттық өлеңдерді жатқа оқу және берілген тақырыптар бойынша сұхбаттасу талаптары қойылды.

 Айжан Сұңғатова, СҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығының оқытушысы:

-5 тақырып бойынша: шаңырақ, дастархан, саяхат, қызмет, сауда бойынша бір – бірімен сұхбаттастырамыз. Бәрі осы қазақ тіліне ынтасы жақсы, оқимыз деп келген өзге ұлт өкілдерінің азаматтары.

Осы күні сондай-ақ бірнеше мекемелерде ашық есік күні ұйымдастырылып, Абылай ханның мұражай- кешені резиденциясына саяхат ұйымдастырылды.

Жандос Наурызбаев