Қоғам

Мамлюттіктер марапатталды

 

 

 

20 жыл ішінде Мамлют ауданында да көптеген жағымды өзгерістер орын алды. Ауыл шаруашылығы, құрылыс пен кәсіпкерлік қарыштап дамып, білім беру, денсаулық сақтау салаларында оң өзгерістер орын алды. Ауыл тұрғындарын ел тәуелсіздігі мерекесімен аудан әкімі Қанат Қалиев құттықтады.

Қанат Қалиев, Мамлют ауданының әкімі:

-Ерекше атап өтетін жәйт, мерейтойлы жылда диқаншыларымыз мол астық жинап, өздерінің еңбекқорлықтарын көрсете білді. Аудан тұрғындары алдағы уақытта Тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында аянбай еңбектенеді деп сенемін.

Тәуелсіздіктің торқалы тойы қарсаңында өткізіліп отырған шарада 20-дан астам азамат «ҚР Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды. Төсбелгіге ие болғанның бірі «Андреевка – СК» ЖШС директоры Сералы Шәріпов . Қожалық иесі егінмен қатар, мал шаруашылығын да қолға алыпты.

Сералы Шәріпов, «Андреевка – СК» ЖШС директоры:

-Марапатқа ие болғаныма өте қуаныштымын. Бұл тек қана менің емес, бірге жұмыс істеп жатқан азаматтардың еңбегіне көрсетілген құрмет. Барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймын.  

Мамлют аудандық ауыл шаруашылығы аумақтық инспекциясының бастығы Қуат Қазиев Ауыл шаруашылығы министрілігінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Қуат Қазиев, ҚР АШМ СҚО Мамлют аудандық аумақтық инспекциясының бастығы:

-Құрмет грамотасын алып отырғаныма өте қуаныштымын. Барлық солтүстікқазақстандықтарды тәуелсіздік күнімен құттықтаймын.

Салтанатты шарада «Қалыптасу жылдары» – «СҚО Мамлют ауданы тәуелсіздік жылдарында» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Салтанатты жиын соңы концертке ұласты.
 
Жандос Наурызбаев