Спорт

«Қызылжар» турнирі

Додаға еліміздің 7 аймағынан кикбоксшылар қатысуда. Мықты деген спортшылардың басын тоғыстырған жарыс 3 күнге жоспарланған. Турнирдің ашылуымен Петропавл қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі. Бүгінгі күні кикбоксшылар әлемдік ареналарда еліміздің көкбайрағын желбіретіп, үздік құрамалардың қатарынан көрінуде дейді кикбокстан ҚР бас жаттықтырушысы.

Қайрат Смағұлов, кикбокстан ҚР бас жаттықтырушысы:
-Жарысқа еліміздің 7 облысының өкілдері келіп отыр. Олар 5 түрлі салмақ дәрежесінде өзара күш сынасатын болады. Сондай-ақ турнир қорытындысы бойынша жаттықтырушылардың басқосуы ұйымдастырылып, алдағы жылға арналған жоспарлар бекітілмек. Және де жеңіске жеткен спортшылардан ел құрамасын жасақтауды көздеп отырмыз.

Алғашқы болып рингке 57 келі салмақ дәрежесінде қарағандылық Дәулет Сапаров пен Жамбыл облысының спортшысы Мұхамеджан Тілегенов шықты. Кездесу тартысты өтіп, жамбылдық Тілеген айқын басымдылықпен қарсыласын қапыда қалдырды.

Мұхамеджан Тілегенов, кикбоксшы, Жамбыл облысы:

-Техинкалық нокаутпен жеңіске жеттім.Қарсыласым Қарағанды облысынан келіп отыр.Көп дайындалдым. Барлық қазақ елін тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын.

Рингте аймағымыздың намысын қорғаған алғашқы спортшы Айбек Түлебаев 63,5 келі салмақ дәрежесінде оңтүстікқазақстандық кикбоксшымен кездесіп, келесі ойынға жолдама алды.

Айбек Түлебаев, кикбоксшы, СҚО облысы:

-Қарсыласым өте мықты болды. Өзім кикбокспен 4-нші жыл айналысып жүргендіктен дайындығым жаман емес. Осы турнирде жеңіске жету  – менің басты мақсатым.

Бұл жарыста облыс намысын сондай -ақ халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Георгий Емельянов, Азамат Нұрпейісов пен Рауан Смағұлов қорғамақ.

 Жандос Наурызбаев