Билік

Облыс әкімі аппаратының қызметкерлері марапатталды

 

Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде елімізбен қатар мемлекеттік қызмет те жаңғырып, жаңару сатысынан өтті. Мемлекеттік қызметке қабылдау механизмі жетілдіріліп, кәсіби біліктілікті арттыруға  ерекше көңіл бөлінуде.

 Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің нығаюына мемлекеттік қызметшілер де қомақты үлес қосуда. Елбасымыз қойған міндеттерді орындап, жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілерге зор жауапкершілік жүктелген. Бұл әрқашан құрметті қызметтердің бірі болмақ. Ал ел игілігі үшін еңбектенетін қызметкерлер марапатқа лайық.

Мерейтой қарсаңында облыс әкімі аппараты қызметкерлерінің еңбегі де елеусіз қалмады. Қалыптасқан дәстүр бойынша өз жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер «ҚР Тәуелсіздігіне  – 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды.

Тимур Әбдрешов, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:
– Мен бұл марапатқа ие болғаныма қуаныштымын. Әлі де жемісті қызмет етуге барымды салмақпын.

Марапат иелері бұл медаль барша ұжымның жұмысына берілген баға дейді. Әрине, әрқайсысының жекелей сіңірген еңбегі де аз емес.

 Жандос Сәрсенов, облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары:
– Бұл өте жоғары марапат деп ойлаймын.Еңбегіміздің еленгендігі өте қуантады.

Айнагүл Шорманбаеваның мемлекеттік қызметте  жүргеніне 5 жыл болыпты.  Өздерін толғандыратын маңызды мәселелердің шешімін табу үшін тұрғындар  қабылдау бөлімі қызметкерлерінің көмегіне жүгінуде.

Айнагүл Шорманбаева, облыс әкімі аппаратының халықты қабылдау жалпы бөлімінің бас маманы:
– Бізге тұрғындар өздерінің мәселелерін айтып келеді. Әрдайым көмектесуге тырысамыз. Еңбегіміздің бағаланғанына қуаныштымын.

Сондай-ақ салтанатты жиында тағы бірқатар қызметкерлерге облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.

 Инеш Шоқақова