Денсаулық сақтау

Медицина қызметкерлері марапатталды

 

 

Еліміз егемендігін алған 20 жылдың ішінде өңір халқына жаңа облыстық қан орталығы, емхана, қалалық аурухана, ана мен бала орталығы, Жамбыл және Ғ.Мүсірепов аудандарындағы туберкулезге қарсы диспансерлер пайдалануға берілді. Бүгінде медицинаны дамытудың тың мүмкіндіктері ашылып, бір адамға көрсетілетін дәрігерлік көмектің көлемі 11 есе артқан. Денсаулық сақтау саласының бірыңғай жүйесі қызмет етуде. Облыстағы халық саулығын қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан шаруа да салмақты. Өңір халқының денсаулығын жақсартуда бүгін салтанатты жиынға келген ақ халатты абзал жандардың қосқан үлесі молынан. Оларға облыс әкімі Елбасының жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 20 жыл» медальдарын табыс етті. Бірқатар дәрігерлер облыс әкімінің құрмет грамоталарына, алғыс хаттарына ие болды. Жиын соңында марапат иелері аймақ басшысымен естелік суретке түсті.

 Гүлмира Шоқтыбаева