Мәдениет

Кітап көрмесі

Көрмеге  ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап шығарылған 200-ден астам материал қойылған. Қазақстандық қаламгерлердің бұл туындыларына экономиканың дамуы, жаңа технологияларды пайдалану, инновациялық даму мен бәсекелестіктің артуы, өндірістің жаңғыруы төңірегіндегі тақырыптар арқау болған екен.

Мария Шингурова, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана бөлімінің меңгерушісі:
– Кітап көрмесі 4 негізгі бөлімнен тұрады: XXI ғасырдағы Қазақстан экономикасы, елдің үздік жобалары, экономикалық дамудағы интеграция, аймақтың инновациялық даму стратегиясы.

Оқырмандар еліміздің 20 жылда бастан кешірген оқиғалардмен таныса алады. Сондықтан да “Қазақстан индустриалды мемлекет” көрмесін ең алдымен өскелең ұрпақ назарына ұсыныпты.

Иван Бушуев, №7 орта мектеп оқушысы:
– Маған «Бәйтерек» журналы қатты ұнады. Онда кәсіпорындар мен зауыттар туралы қызықты мағлұматтар мол. Олардың құрылуы, әрі қарай дамуы жайында баяндалған.

Көрмеде солтүстікқазақстандық авторлардың да кітаптарын кездестіруге болады. Бір басылымда аймақтағы аграрлық сектордың қалыптасуы,  екіншісінде зауыттар мен өнеркәсіп  кәсіпорындарының өнімдері жайлы жазылған.

София Булатова, №7 орта мектеп оқушысы:
– Солтүстік Қазақстан жайлы кітаптар көңілімнен шықты. Өңірдің тарихы, табиғаты, барлық саланың дамуы қызықты жазылған.

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған көрмеге Қазақстанның дамуы жайында сыр шертетін суреттер, дискілер, брошюралар мен газет-жорнал материалдары да қойылған. Осы жылдың соңына дейін кез келген солтүстікқазақстандық бұл көрмені тамашалай алады.

Айдана Демесінова