Қоғам

Елдің дамуына үлес қосқан жұртшылық өкілдеріне құрмет көрсетілді

 

Мерейлі мерекеге санаулы күндер қалды. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында солтүстікқазақстандық тұрғындардың тағы бір тобы мерекелік  медальдарға ие болды. Өңір басшысы осы кезеңде қол жеткен табыстарға тоқталды.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
–  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіздік жылдары орасан зор табыстарға жеттік. Ішкі саяси тұрақтылық, қоғамдық бейбітшілік пен келісім – біздің тәуелсіздігіміздің басты жемістері. Біз экономикасы даму үстіндегі және болашаққа зор жоспарлары бар, қуатты, көркейген мемлекетте өмір сүріп жатырмыз деп сеніммен айта аламыз. Қазақстан – қазіргі күні әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі. Тарихи қысқа мерзімде  біз жаңа мемлекет құрдық, қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиеледік. Құрметті кездесуге қатысушылар, бұған Сіздер де қомақты үлес қостыңыздар.

Бұл жолы мерекелік медальдар он бес солтүстікқазақстандыққа табыс етілді.