Құрылыс

“Қазақша Википедиа” – қазақ тіліндегі электрондық кітапхана

 

 

“Қазақша Википедиа” жобасы ағымдағы жылдың маусым айынан жүзеге асырылуда. Осы уақыт аралығында жарияланған мақалалардың саны ондаған есе артып отыр. Жобаның көздегені – еліміздегі білім деңгейінің өсуіне жағдай жасау, қазақ тіліндегі ашық электрондық кітапхананы дамытып, отандық аудио және видеотека құру болып табылады.

Рысжан Нұрғалиева, СҚО білім басқармасының бас маманы:
– Бүгінгі күні Петропавл қаласының мектеп мұғалімдері мен оқушылар ұжымы осы Википедияға, яғни онлайн-режиміндегі энциклопедия болып саналады, соған өзінің 1000 мақала, сөздік-мақалаларын ұсынған болатын. Бүгінгі күні біз осы мың мақаланы онлайн-режимінде сайтқа орналастырдық. Әлді де жұмыс жалғасын табады деп ойлаймыз.

Жаңа интернет-ресурстың дамуына солтүстікқазақстандық оқытушылар, мектеп оқушылары мен студенттер атсалысуда. Топонимика, география, тарих және өңір мәдениетіне байланысты 2000 мақала онлайн-энциклопедияға ұсынылған. Тәуелсіздіктің 20-жылдығына арналған «Білім» күнінде авторлар өздерінің алғашқы тәжірибелерімен бөлісті.

Нағима Тәженова, М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық-педагогикалық колледждің директоры:
– Вики-білім деген – энциклопедия. Олардың редакциясы жоқ. Әр мұғалім өзінің статьяларын жібереді, содан кейін оны түзеуге де болады. Мысалы, біз басқа біреудің очеркін болсын, терминологиясын көріп, оларды да түзеуге болады.

Нағима Тәженова жоба жаңада қолға алынғаннан кейін онда кемшіліктер де жоқ емес дейді. Ал оқушылар үшін бүгінгі тұсаукесердің қызу пікірталасқа айналары сөзсіз.

-Біз оқушылар вики-білім арқылы көп мәлімет біле аламыз. Сабаққа енді жақсы дайындала аламыз.
– Энциклопедия дегесін, бұнда көптеген мәліметтер жалпы оқушыға да, студенттерге де үлкен мәлімет деуге болады. Бұл бізге беріліп тұрған үлкен мүмкіндік.

Тұсаукесер рәсімін ұйымдастырушылар алдағы уақытта интернет-ресурсты қолданушылар саны артатынына сенімді.