Мәдениет

Н.Погодин атындағы орыс драма театрында – премьера

 

Тартылған теңіз, шөлге айналған дала, тағдыр азабын тартқан адамдар бейнесі – бүгінгі спектакльдің басты тақырыбына айналды. Сахнадағы қойылым қиялға құрылған. Бас режиссер Тимур Кәрімжанов өз ойы арқылы біз қалай өмір сүреміз, болашаққа не қалдырамыз деген сұрақтардың жауабын  қойылымның өн бойынан іздейді.

Тимур Кәрімжанов, қойылымның бас режиссері:
– Шындығында бұл ой менде көптен бері жүрген болатын. Арманға толы ертегі көрінісін осы спектакльде көрсеткім келді. Арал теңізінің тартылуы өте апатты жағдай болатын. Сол себепті осындай спектакль қою идеясы пайда болды.  

Бас кейіпкер Ассоль ертегіге, яғни жақсылыққа сенеді. Жас қыз теңіз бір күні қайта қалпына келіп, тіршілік атаулы жанданады деп алдағы күнге үмітпен қарайды. Ассоль бейнесін актриса Татьяна Терлецкая сомдады.

Татьяна Терлецкая, Н.Погодин атындағы театр актрисасы:
– Әрқашан жаңа бейнені алып шығу өте қиын. Дегенмен алдыма қойылған мақсатқа жеттім деп ойлаймын. Алдымен, режиссерге осындай рольді сеніп тапсырғаны үшін алғыс айтамын.

Жас режиссердің жұмысын театрға еңбегі сіңген актерлар жоғары бағалады.

Людмила Турпаян, ҚР халық әртісі:
– Біздің театрға осындай жастардың келуі қуантады. Режиссер Тимур Кәрімжановқа біз үлкен сенім артамыз. Ол спектакль сценарийін өте қызықты етіп жазған.

 Көрермендер де жаңа спектакль өз деңгейінде орындалды деп отыр.

 -Спектакль өте жақсы шықты. Сәтті қойылым болды.
– Қойылым көңілімнен шықты. Актерлар шығармашылық тұрғыдан өте жақсы дайындалған.