Қоғам

Судьялар мен журналистер жиыны

 

Бұқаралық ақпарат құралдары сот қызметімен етене араласып, оның тыныс-тіршілігін қоғамға жедел жеткізіп отыратын негізгі көпір. Осы орайда төртінші билік өкілдеріне сот процестеріндегі шешімдерді қоғамға дұрыс жеткізе білу, азаматтардың құқықтарының дұрыс қорғалуын қадағалау сияқты міндеттер жүктелген.  Форумда сот пен БАҚ арасында тығыз қарым – қатынас болу керектігі өзекті тақырыпқа айналды.

Елена Максюта, СҚО сотының судьясы:

-Сот пен бұқаралық ақпарат құралдарының ең  негізгі мәселесі – адам құқықтарының дұрыс қорғалуы. Бүгінде сот орындарында қоғамға қажетті барлық ақпарат беретін бұрыштар бар. Сондай – ақ электрондық сайтқа көптеген мағлұматтар енгізілген.

Сондай -ақ форумда «Тәуелсіз сот төрелігі – қуатты мемлекеттің негізі» атты тақырыпта баяндама жасалды. Онда бүгінгі таңдағы судьялар мен БАҚ   арасындағы қарым-қатынас, олармен белгілі бір тақырыпқа байланысты өзара әрекет жасау, өркениетті елдердегі сот процестерінің жүргізілу үрдісі және журналистердің құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен мазмұндалған. Айта кету керек, аталмыш форум тұңғыш рет «Әділ арқа» қоғамдық қорымен бірлесе ұйымдастырылып отыр.

Зәуре Жұмалиева, «Әділ арқа» қоғамдық қорының директоры:

-Соңғы 20 жылда судьялар және БАҚ -тың тығыз қарым – қатынаста жұмыс істеуінің нәтижесінде үлкен белестерді бағындырып, көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Облыстық соттың баспасөз қызметі жұмысына жоғары баға қойып отырмыз. Себебі  бүгінгі күні сот ақпаратына қол жеткізуге айтарлық көмек көрсетуде.

Форумда облыстық соттың төрағасы журналистерге шағын сыйлықтар тарту етіп, келе жатқан ұлы мерекемен құттықтады. Өз кезегінде басқосуға қатысушылар алдағы уақытта осындай тиімді іс-шараның жүйелі түрде жүргізіліп тұруына қолдау білдірді.

Жандос Наурызбаев