Ауыл шаруашылығы

Қызылжар ауданында аграрийлерге құрмет көрсетілді

Ауыл шаруашылығы облыс экономикасының басты секторы болып табылады. Бұл сала жыл өткен сайын серпінді түрде дамып келеді. Оған биыл жиналған ректордт

ық астық дәлел. Мұндай көрсеткішке өңір диқандары өндіріске жаңа технология мен заманауи техниканы пайдаланып жетіп отыр. Өңірдің мол астықты қамбаға құюына Қызылжар ауданындағы агроқұрылымдардың да қосқан үлесі мол.

Виктор Редин, Қызылжар ауданының әкімі:

-Ағымдағы жылы Қызылжар ауданы астық шығымдылығы жағынан облыста екінші орынға тұрақтады. Диқандар науқан бойы дамыл көрмей еңбектенді. Бұл салада биіктерді бағындыруымызға мемлекеттің қолдауы көп септесті.

Еңбегімен еленген ауыл тұрғындары марапатталды. Бірқатары облыс әкімінің алғыс хаттарына ие болды. Еңбегі еленгендердің қатарында ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Нина Ан да бар. Ол зерттеу жұмыстарымен 30 жылдан артық айналысып жүр. Ғылыммен айналысуға елімізде тиісті жағдайлар жасалған дейді ғалым.

Нина Ан, СҚӨжМШҒЗИ ғалымы:
– 20 жыл ішінде еліміздің аграрлық секторы айтарлықтай алға жылжыды. Аграрлық ғылым соңғы жылдары тұрақты түрде қаржыландырылып келеді. Германияға барып, сынақ өткізу мүмкіндігіне де ие болдық.

Ал Қайрат Есетов үшін облыс әкімінің алғыс хаты тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңындағы тосын сый болды.

Қайрат Есетов,  ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі бастығының орынбасары:
– Бүгін «Ауыл күні» мен облыс әкімінің құрмет грамотасына ие болдым. Өте қуаныштымын. Көрсетілген құрмет үшін әкімге зор алғысымды білдіремін. Бұл тек менің ғана еңбегім емес, сонымен қатар бүкіл ұжымның еңбегі деп білемін.

Сондай-ақ, жиын барысында 4 пәтердің кілті өз иелерін тапты. Барлығы аудан бойынша 27 маман жаңа қонысқа ие болған. Ол үшін республикалық бюджеттен 27 млн теңге бөлініпті. «Дипломмен -ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жүрген Марат Сауырбаевтың да енді өз баспанасы бар. Бағдарлама аясында жас мұғалім жеңілдетілген несиеге де қол жеткізген.

Марат Сауырбаев,  «Парасат» мектеп-лицейінің мұғалімі:
– «Дипломмен  – ауылға» бағдарламасы арқылы жас маман ретінде келіп отырмын. Бүгінгі күнде ақшалай көмек және үй алып отырмын. Соған ең біріншіден алғысымды білдірмін. Жас ұрпақты тәрбиелеуде бар күшімді саламын.

Салтанатты рәсім соңында жергілікті өнер ұжымдары ән мен жырдан шашу шашты.