Балалар

«Петушок» – 25-те

 

Республикалық «Білім ұясы» байқауының жеңімпазы атанған «Петушок» бала бақшасы өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтуде. Тәрбие ошағын мерекемен қала әкімі Нұржан Әшімбетов құттықтап, бірқатар тәрбиешілерге дипломдар мен мақтау қағаздарын табыс етті. Сондай – ақ балалардың ойын бөлмесін де сыйлады. Бүгінгі күні аталмыш тәрбие ошағының бүлдіршіндері «ЮНЕСКО»  азиялық балалар жобасының жүлдегерлері, сондай – ақ облыстық аудио – притч конкурсына үзбей қатысып, биік белестерді бағындырып келеді. Ал, 2007 жылы «Петушок» бала бақшасы 3-дәрежелі «Үздік балабақша» аталымында дипломға ие болды. Жалпы, жиырма бес жыл ішінде қол жеткізген жетістіктер ауыз толтырып айтарлықтай.

Гәкку Нұрмұқанова, «Петушок» балабақшасының қазақ тілі пәнінің мұғалімі:

-25 жылдық қызметінде балалардың және педагогтардың жеткен жетістіктері көп. 25 жыл бойы қызмет істеген педагогтарымыз да бар. Олар облыстық, республикалық сайыстарда жүлделі орындардан көрініп келеді.

Мерекеге кішкентай бүлдіршіндер де жақсы дайындалыпты. Олар қонақтарға өз өнерлерін көрсетті. 25 жыл ішінде алғашқы тәрбие ошағы бірнеше мыңдаған бүлдіршінді қанат қақтырды. Бүгінгі салтанатты шараға алғашқы тәрбиеленушілер де қатысты. Солардың бірі  – Алена Анацко.

Алена Анацко, “Петушок” балабақшасының түлегі:

-Тәрбие ошағында балалық шағым қызықты өтті. Педагогтар да білікті.Қазіргі күні “Петушок” балабақшасына менің ұлым барып жұр. Орталықты туған күнімен құттықтап, зор жетістіктер тілеймін.

Бүгінгі күні «Петушок» балабақшасы облысымыздағы үздік тәрбие ошақтарының бірі болып табылады.

Жандос Наурызбаев