Тағы бір шағын орталық ашылды

Балалар

14:52 8 Желтоксан 2011

Осыған дейін балабақша кезегінде тұрған бүлдіршіндер үшін зор мүмкіндік туды. Бұдан былай олар № 32 орта мектеп жанындағы шағын орталықта тәрбиеленбек. Балабақша кезегінде 3 жыл тұрған Валерия мен Ксения Соболевалар да тәрбиеленушілер қатарын толықтырды. Қыздарының бір орталыққа баратынына аналары да қуанышты.

 Ирина Соболева:

– Бүгін осындай орталықтың ашылғаны өте қуанышты жағдай. Бұған дейін қыздарыма бірде әкесі, бірде әжелері қарайтын. Енді олардың оқып, тәрбие алуына мүмкіндік туды.

Шағын орталық 3-5 жас аралығындағы 25 балаға шақталған. Оның салтанатты ашылуына қала әкімінің орынбасары Антон Макаров қатысты.  “Балапан” бағдарламасының аясында екі жыл ішінде осымен 11-шіорталық ашылып отыр. Бұл орталықта балалар таңнан кеш батқанға дейін 2 тәрбиешінің қарамағында болады.

Роза Мұқашева, №32 орта мектеп жанындағы шағын орталықтың әдіскері:
-Балаларды оқыту “Қарлығаш” бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын болады. Орталықта балалардың дұрыс сөйлеу, ойлау жүйесін дамытатын сабақтар  өткізу жоспарланып отыр.

Ойын баласы үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Алғаш рет келіп отырса да балалар жаңа ортаға бейімделіп, достар тауып үлгерген.

-Маған ойнаған ұнайды, мұнда бәрі бар
-Мен мұнда жаңа достар таптым.

Орталықты ашуға қалалық қазынадан 666 мың теңге қаржы бөлінсе, республикалық бюджеттен 350 мың теңге құйылды.

Бұдан әрі оқыңыз

NewLife орталығының ерекшелігі
Стартапшылардың байқауы өтті
«Мен әлемді естимін» атты ашық есік күні өтті
“Nur Otan” мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап қызықты шара ұйымдастырды
“Нан үйі” атты суретшілер байқауы өтті