Балалар

Мультимедиялық көрме құрылыс бағдарламасына арналды

 

 

 

Мультимедиялық  кітап көрмесінде Қазақстанда жүріп жатқан және алдағы уақытта салынатын құрылыс нысандарының таныстырылымы болды. Шараға мектеп оқушылары қатысып, тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттің бағдарламаның орындалуымен танысты.

Галина Шахматова,  И.Шухов атындағы орталық қалалық балалар кітапханасының аға кітапханашысы:

-Біз қатысушыларға осы көрме арқылы Қазақстанда жүріп жатқан құрылыстың барысымен таныстыруды көздедік. Оның қатарында облыс орталығында қолға алынған жаңа жобалар да бар. Сондай- ақ «Бір шаңырақ астында» көрмесінде кітаптар көптеп қойылып, одан құрылыс туралы жақсы мағлұматтар алуға болады.

Сондай -ақ шараға облыстық құрылыс және архитектура басқармасының маманы Серікжан Шитқанов қатысты. Өз кезегінде ол облыс орталығының бас жобасын таныстырды. Сонымен қатар көрмеден «Береке» ауданында бой көтеретін ғимараттардың макеттерін көруге болады.

Серікжан Шитқанов, СҚО сәулет және қалақұрылысы басқармасының маманы:

-«Жиырма жұлдызды күн» аясында осы шарада көптеген құрылыс жоспарларын көрсетіп отырмыз. Атап айтсақ, 2012 – 2017 жылдар аралығында салынатын жаңа тұрғын үйлер, мешіт, сонымен қатар білім беру ошақтары мен денсаулық сақтау мекемелерінің макеттері қойылған.

Аталмыш көрмеге қатысқан мектеп оқушылары облыс орталығының көркейіп келе жатқандығына тағы бір көз жеткізді.

-Біз аталмыш көрме арқылы жаңа «Береке» ауданында болатын құрылыстармен таныстық. Бұл қаламызға көрік беретініне сенімдімін.
-Мен өзім Астана қаласында дүниеге келіп, сонда өмір сүрдім. Қазір Петропавл қаласында тұрып жатқандығыма өкінбеймін. Себебі: мұнда салынып жатқан жаңа нысандар Елорда құрылысынан қалыспай келеді.

Тұрғын үй құрылысына арналған «Шаңырақ» күнінде аталмыш кітапханада көрермен назарына осы тақырыпта 60-қа тарта кітаптар қойылды.

Жандос Наурызбаев