Құқық қорғау органдары

Жолдағы сауалнама

 

 

 

Бүгінгі акцияға қатысқандар – жол бекеттерінде тоқтатылған жүргізушілер. Полиция қызметкерлерінің жұмысын бағалауға арналған сауалнама барлығы 9 сұрақты қамтыды. Виктор Михасев тәртіп сақшылары тарапынан бұған дейін ешқандай заң бұзушылыққа тап болмағанын айтады.

Виктор Михасев, жүргізуші:
– Бәрі жақсы. Жол ережесін бұзбағаннан кейін ешқандай келіспеушілік болған емес.

«Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы мен Жол полициясы басқармасы бірлескен мұндай акциялар алғаш рет өткізіліп отырған жоқ. Партия өкілдерінің айтуы бойынша барлық пікірлер ескерусіз қалмайды. Әсіресе жемқорлыққа қатысты сұрақтар басты назарда дейді ұйымдастырушылар.

Андрей Фролов, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі:
– Аталмыш рейдтік шараны өткізу мақсаты қоғамда жемқорлыққа қатысты істерді анықтау және оны болдырмау. Бұл шара бір ай көлемінде жалғасады.

Тәртіп сақшылары сауалнамаға қатысушылардың талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдады.

Әсия Әбжанова, СҚО ІІД ЖПБ аға инспекторы:
– Біз осы сынды акцияларды жиі өткіземіз.
Ауылдық жерлердегі бекеттерге де барып тұрамыз. Жүргізушілермен тікелей тілдесу өте маңызды.

Жол полициясы қызметкерлері осы сынды шаралардың жұмыс барысында кездесетін олқылықтардың алдын алуда маңызы зор дейді. Алынған жауаптар бойынша партия қызметкерлері алдағы уақытта қандай мәселеге баса назар аудару керектігін анықтамақ.