Қоғам

Теңге тарихына арналған көрме

 

Көрмеде  7-8 ғасырлардағы Қараханид дәуірінің тиындары, Түргеш мемлекетінің қола тиындары қойылған. Сонымен қатар Әл-Фараби, Сүйінбай, Абай, Шоқанның суреттері бейнеленген тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында шыққан қағаз ақшалар бар. Уақыт өтіп, ел экономикасы дамыған сайын теңгенің де сапасы жақсара түсті. Сондай-ақ көрмеге келушілер әр уақытта қолданыста болған  мерейтойлық тиындарды да тамашалады.

Әлия Үсейінова, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері:

-Көрменің мақсаты келушілердің патриотизм сезіміне, Отанын сүюге, Қазақстан Тәуелсіздігінің нышандарын және ерекшеліктерін құрметтеу сезіміне тәрбиелеу. Көрмеде көне заманнан қазіргі кезге дейінгі еліміздің ақша жүйесінің пайда болу тарихы, Қазақстанның ұлттық валютасының қалыптасуы көрсетілген.

Аталмыш көрменің ашылуына орай «Дарын» және бірінші гимназия оқушылары шақырылған. Олар төл теңгеміздің шежіресімен танысып, ақша тарихына байланысты сұрақтарын қойды. 

-Бүгін мұражайда төл теңгеміздің тарихы туралы көп мағлұмат алдық.Қазіргі таңда теңге әлемдік ақшалардың қатарында беделді орын алады және кеңестік кезеңінен кейінгі кеңістікте тұрақты валюталардың бірі болып табылады.
 – Бүгінгі көрмеде тиын сарайлары 15 ғасырдан бастап Яссы, Сауран, Сығанақ және Сайран қалаларында жұмыс істегендігі туралы ақпарат алдық.

Ұлттық ақша – мемлекеттіктің басты нышандарының бірі. Тәуелсіз еліміздің тірегіндей болып, небір сындарды сәттерден сүрінбей өтіп келе жатқан теңгеміз өз өміршеңдігін танытып отыр.  

Жандос Наурызбаев