Билік

«Нұр Отанның» қалалық филиалының конференциясы

 

 

 

“Нұр Отан” ХДП төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбав  билік партиясының 14-ші съезінде алдағы 5 жылда еңсерілетін мақсат-міндеттерді айқындап берді. Президент ауқымды жобада ел экономикасының тұрақты әрі қарқынды дамуына басымдық беріп отыр.

Николай Черновол, “Нұр Отан” ХДП Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
– Елбасы жаңа бағдарламада ғылым мен экономиканы ұштастыра білу, республика нарығында шағын және орта бизнестің үлесін 40 пайызға жеткізу керектігін айтты. Елді индустрияландыруды жетілдіру, еңбек өнімділігін 4 есеге арттыру, агроөнеркәсіп кешені мен экспортты дұрыс жолға қоюды тапсырды.

Саяси ұйым өкілдері Елбасының тапсырмаларын орындауға бір адамдай кірісуіміз керек дейді. Жиында партиялық тізім бойынша кезектен тыс ҚР Парламентінің Мәжілісіне депутаттар сайлау жайы да сөз болды. Бұл күні сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттарға да депутаттар жаңадан сайланатын болады.

 Григорий Кухарь, Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

-Сондықтан сайлау комиссияларының жүгі еселенбек. Үгіт-насихат жұмыстарына үш апта уақыт берілді. Науқан қыза түсті. Жауапкершілік үлкен. Әр округте 5 сайлау учаскесі орналасқан. Мәслихат депутататығына үміткердің 3 сенімді тұлғасы бар. Есептей келе бір округте 15 адам.

Сондай-ақ отырсқа қатысушылар қалалық мәслихатқа депутаттыққа ұсынылған кандидаттардың тізімін нақтылады. Барлығы 19 үміткер. Жиында партияның облыстық конференциясына делегаттар да сайланды.  Қалалық ұйым атынан 34 адам қатысатын болды.

Жеңіс Ермұқанов