Мәдениет

Ел тәуелсіздігімен құрдас орталық

 

Мәдени ошақтың 20 жылдығына орай арнайы бұрыштар әзірленген. Мұнда жұмыс істейтін үйірме – топтардың тарихы мен қол жеткізген жетістіктері қамтылған. Жалпы облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылыы орталығында 1000-нан астам жеткіншек түрлі үйірмелерге қатысып, шығармашылықтарын шыңдауда. Салтанатты шараға орталық ардагерлері, мектеп оқушылары, ата-аналар шақырылған. Құрметті меймандардың бірі облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов мәдени ошақты 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, орталыққа автокөлік кілтін тарту етті. Облыстық балалар мен жасөсіпірімдер шығармашылығы орталығының жеткіншектері мен топтары түрлі республикалық, халықаралық деңгейде ұйымдастырылып жүрген шараларға қатысып, биіктен көрінуде. Айтулы мерекеде олардың еңбектері елеусіз қалмады. Орталықтың бірқатар педагогтары облыстық білім беру басқармасының дипломдары мен алғыс хаттарына ие болды. Мәдени ошақтың туған күніне орталықтың ардагерлері де келіпті. Олар өздерінің жылы тілектерін білдірді. Ал әншілер мен бишілер қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Шығармашылықпен айналысамын деген балаларға орталықтың есігі әрқашан ашық. Мұнда жеткіншектер бос уақыттарын тиімді өткізу мүмкіндігіне ие.

-Мен 6 жасымнан «Айналайын» тобында ән айтып келемін. Маған мұнда өте ұнайды. Орталықты мерекемен құттықтаймын.
-Мен 2 орталыққа келіп, ән айтып жүрмін.

 Жандос Наурызбаев