Бизнес және экономика

Банк туралы шығармашылық байқау

 

 

Ағымдағы жылдың маусым айынан облыс орталығында 3 аталым бойынша үздік мақалаға байқау жарияланған болатын. Оған 39 солтүстікқазақстандық қатысуға ниет білдіріп, 42 жұмыс тапсырылыпты. Тәуелсіздіктің 20 шыңы-20 жұлдызды күндердің «Алтын теңгеге» арналған күнінде сайыс қорытындысы шықты.

Бахыт Сәбиева, «ҚР Ұлттық Банкі» ММ экономикалық талдау және сараптау бөлімінің бастығы:
-42 жұмыс – 3 номинацияда, әр номинацияда 3 адамнан, 9 адамды атап өттік. Биылғы жылы теңгеміз 18 жасқа келіп отыр. Теңгенің экономикаға, экономиканың дамуына тигізген әсері осы жұмыстарда  айтылған.

Айгүл Тілеулесова үшін бұл алғашқы байқау. «Облыс өркендеуінің жиырма жылдық серпініне банк жүйесінің тигізген әсері» аталымында бағын сынаған бойжеткен 3-орынға ие болды

Айгүл Тілеулесова, «БТА банкі» АҚ СҚФ шот менеджері:
-Жалпы 20 жыл бұл қаламыздағы ғана емес, еліміздегі шын мәнінде қалыптастыру және серпінді қадамдар мен экономика ілгерілеудің тұтас кезеңі болып саналады. Соның ішінде банк секторының қосқан үлесі зор деп айтуға болады.

Ұлттық ақшаның тарихы – ел тарихының маңызды бір бөлігі екендігін түсінген үміткерлер өз жұмыстарында осы жайлы сөз өрбітті. Мақалалар авторларының барлығы дерлік банк жүйесінің ел экономикасының өрге домалауындағы үлесі жайында жазған.
3 аталым бойынша жүлделі орындарға ие болған байқауға қатысушылар грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айдана Демесінова