Аптадағы маңызды жаңалықтар

Аграрийлер марапатталды

 

 

 

Бүгінгі жиынға келгендер – еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға атсалысып жүрген ауыл шаруашылығы еңбеккерлері. Олардың бұл саланы нығайтуға қосқан елеулі үлесі лайықты бағасын алды. Облыс әкімі Серік Біләлов егеменді елімізді өркендетуге зор еңбек сіңірген 25 солтүстікқазақстандыққа мерейтойлық медаль табыс етті.  20 жылдық мерейтойға облысымыздың ауыл шаруашылығы еңбеккерлері лайықты тарту жасады. Өңір диқандары биыл 9 млн. тоннаға жуық астық жинап алды. Бұл ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан жасалып жатқан зор қолдаудың арқасында мүмкін болды деп атап өтті өңір басшысы.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
-Соңғы он жылда ғана аграрлық сектордағы өндіріс көлемі алты есеге өсті. Ауылдағы бизнес барынша дамып келеді. Жаңа қазіргі заманғы мал кешендері салынып жатыр, шетелден жоғары өнімді асыл тұқымды мал жеткізіліп, озық үлгідегі ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынуда. Біз ТМД аумағында астық тасымалдайтын негізгі экспортер болып табыламыз. Тәуелсіздік жылдарындағы бұл жетістіктеріміздің барлығына мемлекет басшысының салиқалы саястының нәтижесінде қол жеткіздік.

Енді жиырма жыл ішіндегі жетістіктерді еселеу міндеті тұр алда. Елбасы биылғы Жолдауында он жылдың басым міндеттерін белгіледі.Мақсат айқын, мемлекеттің зор қолдауы бар – енді тек ел игілігі үшін аянбай еңбек ету қажет дейді ауыл шаруашылығы еңбеккерлері.

Айымгүл Әбілева