Қоғам

Сайлау -2012: үміткерлерді ұсыну аяқталды

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс және түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы бір уақытта өтпек. 2012 жылдың 15 қаңтарына жоспарланған маңызды науқанға өңірімізде де әзірлік жұмыстары қызу жүргізілуде. 16 қараша күні облыс бойынша 217 округтық сайлау комиссиясы өз жұмысын бастады. Тағы бір маңызды жайт – осы сайлау комиссиясы мүшелерін өз міндеттерімен жіті таныстыру.

Асқар Сақыпкереев, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
– Облыстық сайлау комиссиясы мүшелерімен бүкіл аудандарда оқыту семинар жұмыстары жүргізілді. Желтоқсанның  2-сі күні ақырғы семинар өтті. Ондай семинарды 2 рет облыстық сайлау комиссиясы өткізді. Округтық сайлау комиссиясының мүшелерімен.

Қазіргі таңда 110 азамат облыс мәслихаттарына депутаттыққа өтініш беріпті. Олардың бәрі – өз-өзін ұсынғандар. Әзірге тек 1 кандидат қана тіркеуден өтіпті. Күнтізбелік жоспарға сәйкес бұл науқан желтоқсанның 14-не дейін жалғаспақ.

Асқар Сақыпкереев, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
– Сол 14-не дейін барлық округтық. аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттарға үміткерлер өз өтініштерін беріп өтеді деп ойлаймыз. Қазіргі күні партиялар да өз үміткерлердің тізімін беруге тиісті. Сол жұмысты бүкіл округтық комиссиялар атқарып жатыр.  

Бұдан кейінгі кезекте – сайлауалды үгіт жұмыстары. Ол Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутаттығына үміткерлер үшін желтоқсаның 16 -сы, ал мәслихаттар үшін желтоқсанның 21-і күні басталмақ. Тіркеуден өткен үміткерлердің сайлауалды үгіт жұмыстарын жүргізуіне республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Бұл сома облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер үшін 349 200, ал аудандық және қалалық деңгейдегі кандидаттарға 179 100 теңгені құрап отыр.

Инеш Шоқақова